Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бап. Бiлiм беру саласындағы жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретi




1. Жергiлiктi өкiлдi органдар:
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағындағы жергiлiктi атқарушы органдар ұсынған бiлiм берудi дамыту бағдарламаларын бекiтедi, олардың орындалуы туралы есептердi тыңдайды;
2) бiлiм алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жол жүруi туралы шешiм қабылдайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Облыстың жергiлiктi атқарушы органы:
1) бiлiм берудi дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi және мәслихаттың бекiтуiне енгiзедi;
2) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
3) балаларды арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етедi;
4) мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етедi;
5) бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi және негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етудi ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
5-1) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн бекiтедi;
6) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын, мамандандырылған және арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдердiң спорт мектептерiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
7) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
7-1) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
7-2) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
8) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiтедi;
9) бiлiм алушылардың ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысуын ұйымдастырады;
10) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiндегi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
11) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне және жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемдi талап ететiн отбасылардан шыққан балаларға және бiлiм беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге жалпы бiлiм беретiн мектептердi ағымдағы ұстауға бөлiнетiн бюджет қаражатының кемiнде бiр пайызы мөлшерiнде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
12) мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң кәсiптiк бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары үшiн қағаз және электрондық жеткiзгiштерде оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн сатып алуды және жеткiзудi қамтамасыз етедi;
13) облыс ауқымында жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсiби шеберлiк конкурстарын ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз етедi;
14) балаларға облыстық деңгейде жүзеге асырылатын қосымша бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
15) бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
16) балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын тексерудi және халыққа психологиялық-медициналық-педагогтiк консультациялық көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалтуды және әлеуметтiк бейiмдеудi қамтамасыз етедi;
18) жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қамтамасыз етудi, оларды мiндеттi жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен бiлiм алушылардың жекелеген санаттарын тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
20) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының негiзiнде бiтiрген адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi;
20-1) берiлген өтiнiмдерге сәйкес кейiннен жұмысқа орналастыра отырып, ауылдық жердiң кадрлар қажетсiнуi туралы өтiнiмдi бiлiм беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органдарға жыл сайын 15-шi сәуiрге дейiн ұсынады;
21) бiлiм алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жол жүруi туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзедi;
22) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бiлiм берудi облыстық басқару органының бiрiншi басшысын тағайындайды;
22-1) бiлiм беру мониторингiн жүзеге асырады;
23) Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
24) Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;
24-1) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетедi;
24-2) мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырады;
24-3) конкурс жеңiмпаздарына – мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiне "Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантын төлейдi;
24-4) мамандырылған және арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат бередi;
24-5) аудандық әдiстемелiк кабинеттердiң, бiлiктiлiгiн арттыру институтының материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етедi;
25) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органы:
1) бiлiм берудi дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi және мәслихаттың бекiтуiне енгiзедi;
2) мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта бiлiм алғанға дейiн оқытуды ұйымдастырады;
3) кешкi (ауысымды) оқыту нысанын және интернат үлгiсiндегi бiлiм беру ұйымдары арқылы ұсынылатын орта бiлiм берудi қоса алғанда, орта бiлiм берудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
4) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм алуды қамтамасыз етедi;
5) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң, балаларға қосымша бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
6) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
6-1) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
6-2) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
7) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiтедi;
7-1) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн бекiтедi;
8) бiлiм алушылардың ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысуын ұйымдастырады;
9) бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн сатып алуды және жеткiзудi ұйымдастырады;
10) балаларға арналған қосымша бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
11) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне және жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемдi талап ететiн отбасылардан шыққан балаларға және бiлiм беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге жалпы бiлiм беретiн мектептердi ағымдағы ұстауға бөлiнетiн бюджет қаражатының кемiнде бiр пайызы мөлшерiнде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
12) мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiндегi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн жүзеге асырады;
13) арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастырады;
14) дарынды балаларды мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз етедi;
15) республикалық маңызы бар қала, астана ауқымында жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын, ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсiби шеберлiк конкурстарын ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз етедi;
16) балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын тексерудi және халыққа психологиялық-медициналық-педагогтiк консультациялық көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалтуды және әлеуметтiк бейiмдеудi қамтамасыз етедi;
18) кадрларды қайта даярлауды және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз етедi;
19) жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қамтамасыз етудi, оларды мiндеттi жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
20) мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарын тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
22) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының негiзiнде бiтiрген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседi;
23) бiлiм алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жол жүруi туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзедi;
24) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарына қажеттi әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
25) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бiлiм берудi басқару органының бiрiншi басшыларын тағайындайды;
25-1) негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын және техникалық пен кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс беруiн және солармен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
25-2) бiлiм беру мониторингiн жүзеге асырады;
25-3) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетедi;
25-4) мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырады;
25-5) бiлiм беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтiң әдiстемелiк басшылығын қамтамасыз етедi;
25-6) конкурс жеңiмпаздарына – мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiне "Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантын төлейдi;
25-7) негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат бередi;
25-8) аудандық әдiстемелiк кабинеттердiң, бiлiктiлiгiн арттыру институтының материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етедi;
26) Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
27) Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;
28) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:
1) бiлiм берудi дамыту бағдарламаларын iске асырады;
2) кешкi (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгiсiндегi ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта бiлiм берудi қоса алғанда, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
3) бiлiм алушылардың ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысуын ұйымдастырады;
4) мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта бiлiм алғанға дейiн оқытуды ұйымдастырады;
5) арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
6) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
6-1) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
6-2) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
7) бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiндегi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн жүзеге асырады;
8) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi сатып алуды және жеткiзудi ұйымдастырады;
9) балаларға қосымша бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
10) аудан (қала) ауқымында жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi;
11) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне және жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемдi талап ететiн отбасылардан шыққан балаларға және бiлiм беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге жалпы бiлiм беретiн мектептердi ағымдағы ұстауға бөлiнетiн бюджет қаражатының кемiнде бiр пайызы мөлшерiнде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
12) жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қамтамасыз етудi, оларды мiндеттi жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
13) мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарын тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
15) бiлiм беру ұйымдарында оқу бiтiрген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседi;
16) ауылдық жердегi бiлiм беру ұйымдарына жұмыс iстеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
17) бiлiм алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жол жүруi туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзедi;
18) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажеттi әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
19) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша аудандық (қалалық) бiлiм бөлiмдерiнiң бiрiншi басшыларын тағайындайды;
19-1) бiлiм беру мониторингiн жүзеге асырады;
19-2) негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс беруiн және солармен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
20) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
21) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
21-1) мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етiлуiн жүзеге асырады;
21-2) бiлiм беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтiң әдiстемелiк басшылығын қамтамасыз етедi;
21-3) негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат бередi;
22) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
5. Қаладағы ауданның, облыстық, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi:
1) мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады;
1-1) тiрек мектептердiң (ресурс орталықтарының) жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
2) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етедi, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарына медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады.
Кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi елдi мекенде мектеп болмаған жағдайда бiлiм алушыларды таяудағы мектепке дейiн және керi қарай тегiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.10.24 № 487-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 75; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты