Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Валюталық операциялар ұғымы




Валюталық операциялардың анықтамасын беруден бұрын “валюта” терминінің мәніне тоқталайық.

Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңына (24.12.1996 ж.) сәйкес, “валюта –мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металлдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары”.

Осы заңда“валюталық операцияларға”төмендегідей түсінік берілген:

1) меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, соның ішінде төлем құралы ретінде шетел валютасын және шетел валютасындағы өзге де төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәмілелер;

2) валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту;

Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:

1) шетел валютасы;

2) номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құралдары;

3) тазартылған құйма алтын;

4) ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары.

Мұндағы резиденттерге жататындар:

- ҚР-ның тұрақты тұрғыны, соның ішінде уақытша шетелде немесе республикадан тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлға;

- ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, олардың республика ішіндегі немесе одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілеттігі;

- ҚР-нан тысқары жердегі орналасқан дипломатиялық, сауда және өзге де өкілеттіктер жатады.

Ал, бейрезидентерге резидент құрылымында көрсетілмеген ҚР-ң барлық заңды және жеке тұлғалары немесе одан тысқары жерлердегі олардың филиалдары мен өкілеттіктері жатады.

Кейбір экономикалық әдебиеттерде валюталық құндылықтар қатарына бағалы металдар (алтынан басқа да) мен табиғи асыл тастарды (алмаз, рубин, изумруд, сапфир, александрит жене жемчуг) жатқызады.

Валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал қозғалысымен байланысты операцияларға бөлінеді.

1. Ағымдық операцияларғажататындар:

· тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

· 180 күннен аспайтын мерзімге несиелер беру және алу;

· салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша дивиденттерді, сыйақыларды және өзге де табыстарды алу және аудару;

· гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлік соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және басқа сомаларды аудару;

· осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар.

2.Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:

· инвестицияларды жүзеге асыру;

· интеллектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізуге арналған аударымдар;

· мүліктік құқыққа және өзге де жылжымайтын мүлік құқығына төлеуге аударымдар;

· тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

· 180 күннен асатын мерзімге несиелер беру және алу;

· өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар шетел банкілерінде және өзге де қаржылық ұйымдарда салымдарды (депозиттерді) жүзеге асыру;

· зейнетақы активтерін жинақтауға байланысты мәмлелер бойынша халықаралық аударымдар;

· жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар.

Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банк валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүргізеді.

Валюталық реттеу – нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттар жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шараларын білдіреді.

Валюталық заңға сәйкес, валюталық реттеу шараларына мыналар жатады:

- лицензиялау;

- тіркеу;

- хабарлау.

Тіркеу және лицензиялауға жататын валюталық операциялар тізімі төмендегі кестемен берілген.

  Валюталық операциялар түрлері ҚР-на кіретін ҚР-шығатын
180 күн мерзімнен асатын коммерциялық несиелер Тіркеледі Лицензияланады
Тікелей инвестициялар Тіркеледі Тіркеледі
Бағалы қағаздарды сатып алу Тіркеледі Лицензияланады
180 күн мерзімнен асатын қаржылық займадар Тіркеледі Тіркеледі
Капитал қозғалысымен жасалатын өзге операциялар Тіркеледі Тіркеледі

 

Тіркеуге жататын ең төменгі сома төмендегі кестеде берілген.

 

Қазақстан Республикасына келіп түскен мүлік (қаражат) 300 мың АҚШ долларына асқан жағдайда Қазақстан Республикасынан қаржат аудару (мүлікті беру) сомасы 10 мың АҚШ долларынан асса.
Резиденттің бейрезидентке мүлікті (қаражатты) қайтарумен байланысты міндетемесі 300 мың АҚШ долларына асқан жағдайда Резиденттің бейрезидентке мүлікті (қаражатты) қайтарумен байланысты талабы 10 мың АҚШ долларынан асса.

 

Сонымен қатар заңды тұлға резиденттердің шетелдегі филиалдары мен өкілдіктерін ұстау шығыстарын қаржыландырумен байланысты шетел банктерінде шот ашуы тіркеуге алынады.

Тіркеуге жатпайтын валюталық операцияларға мыналар жатады:

- мемлекеттің сыртқы займдар, мемлекеттің кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы займдар туралы келісімдер, сондай-ақ осындай келісімдердің төңірегінде жасалатын операциялар;

- валюталық келісімшарттың толық сомасына жаслаған мәмілелік құжаты бар тауарларды экспорттаумен (импорттаумен) байланысты коммерциялық несиелер;

- хабарлау режимінде жасалатын банктердің меншікті операциялары;

- ҚР-ғы шетелдік мекемелердің жүзеге асыратын валюталық операциялары;

- Бейрезиденттердің ҚР-да шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуы;

- Бейрезиденттердің қазақстандық депозитарлық қолхаттарды сатып алуы;

- Брокерлік қызмет көрсету негізінде бейрезиденттердің резиденттердің бағалы қағаздарын сатып алуы;

- өзге мемлекеттердің заңдарына сәйкес және олардың аумағында резиденттердің шығарған бағалы қағаздарын бейрезиденттерің сатып алуы.

Валюталық операцияларды тіркеуге талу үшін қажетті құжаттар тізімі:

- тіркеуі үшін өтініш;

- валюталық келісімшарт көшірмесі (тігілген және мөр басылған);

- төл құжатының көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

- заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;

- ҚР статистика ұйымының тарапынан заңды тұлғаға жеке идентификациялық кодының берілгендігін растайтын құжаттың көшірмесі;

- СТТН көшірмесі;

- Валюталық келісімшартқа сәйкес міндеттемелердің орындалуы және аяқталуын растайтын құжаттардың көшірмесі.

Банктердің мынадай меншікті операциялары 300 мың АҚШ долларынан асса хабарлануға жатады:

- 180 күн мерзімнен асатын бейрезиденттерден алған коммерциялық несиелер мен займдар;

- бейрезиденттердің банктерге жасаған тікелей инвестициялары;

- бейрезиденттердің банктердің бағалы қағаздарын сатып алу, сондай-ақ банктердің халықаралық капитал нарығында бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;

- жылжымайтын мүлікке деген меншік құқықғын сатып алумен байланысты жасаған бейрезиденттердің аударымдары.

Валюталық операциялар бойынша тіркеу куәлігін беру, лицензиялау және хабарламаны қабылдауды ҚР Ұлттық банкінің Төлем балансы және валюталық бақылау департаменті жүзеге асырады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 163; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты