Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Банктің депозитті




Тартылған қаражатарды тиімді басқару банктің депозиттік саясатының жасалуын көздейді.

Коммерциялық банктің депозиттік саясаты салым иелерінің ақшалай қаржаттарын депозитке тарту және тартылған қаражаттарды тиімді басқарумен байланысты банктік саясатты білдіреді.

Депозиттік саясат банктің қаражаттарды тартумен байланысты стратегиясы мен тактикасын қамтиды.

Депозиттік саясат – банктік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде банктің депозиттік операцияларын дұрыс ұйымдастыруға бағытталған шаралардың жиынтығын білдіреді.

Кең мағынасында депозиттік саясатты депозит қызметін көрсетуші мен салым иелері арасындағы қатынасты реттеу құралы ретінде қарастыруға болады.

Тар мағынасында, бұл кез келген коммерциялық банктің депозиттік операцияны ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.

Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының басты мақсаты - ҚР заңына сәйкес депозиттік операциялардың жүргізуде банктердің бар мүмкіндіктерін пайдалану және өтімділіктің қажетті дейгейіне қолдау көрсету.

Банктердің депозиттік саясатының міндеттері мынадай болуға тиіс:

- банктің депозиттік базасын нығайтып, депозиттік нарықтағы үлесін кеңейту;

- меншікті капиталға қатысты нормативтерді сақтай отырып, банктің депозиттік портфелінің көлемін ұлғайтып, оның сапасын арттыру;

- банктің активі мен пассивін басқаруға байланысты шешімдерге сәйкес және өтімділік саясатына қарай банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді депозиттерінің өзара шекті қатынасын қолдау;

- барлық салым иелеріне қатысты өлшемді және икемді саясат ұстану.

Депозиттік саясаттың ұғымын екі тұрғыдан қарауға болады. Кең мағынада бұл салым иелерінің және өзге де кредиторлардың ақшалай қаржаттарын тартумен, сондай-ақ қаражат көздерін анықтаумен байланысты банктің қызметін сипаттайды. Ал, тар мағынада бұл банктің өтімді қаражттарға деген қажетін қанағаттандыру мақсатында тартылған қаражаттарды іздестіру шараларын білдіреді.

Депозиттік саясат банктің стратегиясына сәйкес жасалуы тиіс. Соныдықтан банк өзінің депозиттік саясатын жасау барасында өзінің әлуетті клиенттерін, яғни жеке салымшыларды немесе салымшылар ретінде заңды тұлғаларды дұрыс таңдай білуі қажет.

Банктік ортадағы күшті бәсекелестік жағдайында банктер агрессивтік депозиттік саясат жүргізуді таңдайды. Сонымен қатар, клиенттерді тартуда банктердің тиімді пайыз саясатын қолданғаны дұрыс. Ол үшін банк депозиттік саясат шегінде өзінің тактикасын жасауы қажет.

Депозиттік операцияларды жүргізуде банктер мынадай принциптерді басшылыққа алады:

- депозиттік базаны қалыптастыру барысында заңдық және нормативтік талаптардың орындалуын сақтау;

- депозиттік операциялар банктің пайда табуына ықпал етуге тиіс;

- тартылған депозиттік ресурстар банктің өтіміділігін қамтамасыз етуге тиіс;

- депозиттік ресурстардың субъектілер, түрлері және мерзімдері бойынша дифференциалдануын қадағалауы қажет.

Банктің депозиттік саясаты депозиттік операцияларға байланысты туындайтын тәуекелдерді басқаруға аса мән береді.

Депозиттік саясатттың міндеті: банк балансының өтімділігін сақтау; ең төменгі шығынды ресурстар тарту; барынша ұзақ мерзімге қажетті мөлшерде депозит тартуды қамтамасыз ету; алдағы уақыттарда банкте тұрақты ресурстардың шоғырлануын қамтамасыз ету.

Депозитік саясат туралы ереженің құрылымы мынадай баптарды қамтуға тиіс:

- жалпы ереже;

- депозитік саясаттың мақсаты мен міндеттері;

- банктің құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекеті;

- банк ресурсының құрылымы;

- ақшалай қаражатты тарту мерзімі және депозиттік келісім-шартты бекіту тәртібі;

- депозиттік келісім-шартты жасауға және банкте шот ашуға қажетті құжаттардың тізімі;

- депозиттік және жинақ сертификаттарын сатумен байланысты операцияларды рәсімдеу тәртібі және оған қажетті құжаттар;

- банктік және банктік емес ұйымдардың қаражаттарын тарту және рәсімдеу тәртібі;

- ҚР Ұлттық банкінің белгілеген міндетті резерв нормалары негізінде резервтік шотқа қаражат аудару тәртібі;

- құжаттарды сақтау тәртібі.

Клиенттердің құрамына және банкітің қызметінің бағытына байланысты депозиттік саясатттың өзге де бөлімдері болуы мүмкін.

Депозиттік саясаттың қалыптасуы мен іске асырылуына ықпал ететін факторларды екі тұрғыдан бөліп қарауға болады. Бірінші, клиенттің тұрғысынан: жинақтау шартына байланысты анықталатын экономикалық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің әр түрлілігі, жағрафиялық жағдайы, ұлттық дәстүрлер, әлеуметтік топтың ерекшеліктері, соның ішінде жасы, олардың рухани, саяси, әлеуметтік мүдделері, отбасы жағдайы, білім деңгейі, мамандығы, табысының деңгейі, зейнетақымен қамсыздануы, салымдарды сақтандыру жүйесінің дамуы және т.б. жатады. Ал банктің тұрғысынан алсақ, ондай факторларға мыналар жатады: бесекелестік деңгейі, банктік қызмет түрлерінің даму қарқыны, “бәрі клиенттер үшін” деген саясат, банктік қызметтердің сапасы, тәуекелдің диверсификациялану, банк қызметкерлерінің біліктілік деңгейі, қаржатты тарту технологиясының жағдайы, банктік операциялардың қазіргі техникалармен қамтамасыз етілуі және т.б.

Депозиттік нарықтың қазіргі жағдайына жасалған талдаудан салым иелері үшін мыналардың маңыздылығын айта кету қажет:

Біріншісі – бұл банктің сенімділігі. Көптеген салымшылардың пікіріне сүйенсек, еліміздегі ең тұрақты банктерге Халық Жинақ банкі АҚ, ТұранӘлем банкі АҚ, Қазкоммерцбанк АҚ жатады. Себебі аталған банктердің банктік қызмет көрсету тәжірибесі жеткілікті немесе сапасы жоғары деңгейде бағаланады.

Екіншісі – бұл депозиттер бойынша белгіленетін пайыз мөлшерлемелерінің деңгейі. Бұл жерде қаншалықты банк тұрақты болса, соғұрлым олардың депозиттер бойынша пайызы төмен. Ал кейбір танымал емес банктеріміз керісінше барынша жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп, депозиттік нарықтан клиенттерді тартуға тырысады.

Үшінші, банктің құрылымдық бөлімшелерінің көп болуы және қызмет көрсету сапасы. Әрине неғұрлым филиалы көп болса соғұрлым депозиттік нарықтағы клиенттерді көбірек тартуға мүмкіндік туады. Ол үшін қызмет көрсету сапасы жоғары болуы тиіс.

Депозиттік нарыққа жасалған талдау депозиттік саясаттың ортақ ықшамдылық критерилерінің болуын талап етеді. Қазақстандық банктердің депозиттік саясатының ортақ ықшамдылық критерилеріне мыналарды жатқызуға болады:

- банктің тұрақтылығын, сенімділігін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында депозиттік, несиелік және өзге операциялар арасында өзара байланыстың болуы. Атап айтсақ, активтер мен пассивтерді сомаларына, мерзімдеріне, өтімділігіне, тәуекел дәрежесіне және табыстылығына қарай келістіру қажеттігі, яғни депозиттік саясатты жүргізу барысында ықшамды депозиттік қоржынның қалыптасуына мән беру;

- тәуекелді төмендету мақсатында банктің депозиттік ресурстарын диверсификациялау;

- клиенттердің тобына қарай депозиттік қызмет көрсету (байларға, кедейлерге, халықтың жалпы бөлігіне арналған банк өнімдерін сату);

- банктің өнімдері мен көрсетілетін қызметтері бәсекелес банктердікінен ерекшеленіп тұруға тиіс (сапасына, бағасына және т.б. қарай).

Міне осындай талаптар ескерілген жағдайда отандық банктеріміз депозиттік саясатты іске асыру тиімділігі артады және ықшамды депозиттік портфелді басқаруға қол жеткізе алады.

Жалпы банктердегі депозиттік саясатты жүзге асыру мынадай принцпиптерге негізделеді:

1) Салымдарды кепілдендіру.

Қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарды сақтандыру қорына мүше болу арқылы банктер салымдардың сақталуы мен қайтарылуына кепіл беруге тиіс.

2) Міндеттемені орындау.

Банктік салым туралы келісімшартқа сай және клиенттердің алғашқы талбы бойынша клиенттер алдындағы міндеттемелерді толық және уақытыл орындау.

3) Ашықтылық.

Банктің қаржылық жағдайы туралы клиенттердің барлығына ақпараттың ашық немесе қол жетімді болуы (заңмен тиым салынбағаннан басқалары).

4) Бәскелестік.

Банк өзінің депозиттік өнімдерінің депозиттік нарықтағы бәсекелестік қабілетін арттыру үшін мынадай шешімдер қабылдау қажет:

- бұрын шығарған және жаңадан шығаратын депозиттік өнімдерінің сапасын арттыру мақсатында банк үнемі ішкі және сыртқы депозиттік нарықтарға маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет және депозиттер бойынша жәй, күрделі және прогрессивтік сыйақы есептеу әдістерін пайдалану;

- депозиттер бойынша ұтыс жариялау, салым иелеріне сыйлық беру, бонус жүйесі сияқты маркетингтік ынталандыру әдістерін қолдану қажет;

- клиентерге өте жоғары мәдени және сапалы қызмет көрсету.

5) Құпиялылық.

Клиенттермен қарым-қатынас орнату барысында алынған кез келген ақпаратты, соның ішінде: клиенттердің мәліметтері, олардың қызметі, қаржылық мүдделері қатаң құпия болуға тиіс.

Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының нарықтың секторлары бойынша өзінідік ерекшелігі болуға тиіс.

Жеке тұлғалар салымдары бойынша:

Банктердің тұрақты ресурсын құрайтын жеке тұлғалардың, соның ішінде жеке кәсіпкерлердің салымдарын тарту арқылы депозиттік базаны нығайту.

Табысы жоғары клиенттер сегментіне байланысты тұрақты клиенттерді тарту:

- VІP санатындағы ірі клиенттерді тарту;

- Орташа табысты клиенттерді тарту.

Заңды тұлғалар депозиттері бойынша:

Корпорация мен ұйымдардың ұзақмерзімді салымдарын банкке тарту арқылы банктегі олардың шоттарының қатарын өсіру және банктің ол депозиттік нарықтағы ұстанымын одан ары нығайту.

Банкаралық депозиттер нарығы бойынша.

Банктер банкаралық депозиттер нарығын өздерінің қысқа мерзімді өтімділігін реттеу құралы ретінде тиімді пайдалануы қажет.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 158; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты