Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сервистік қызметтің этикалық негіздері, іскерлік этикеті және эстетикалық аспектілері




Кәсіпкерлік қызмет этикасы – бұл бизнесменнің жұмыс істеу стиліне және іскерлік адам бейнесіне моральдық талаптарына икемделген негізгі этикалық түсініктер.

Кәсіпкерлік этика айтқан сөзіңді, өзіңе жүктелген міндетті орындау, бекітілген құқықтық нормаларды орындамаудағы моральдық жауапкершілікті түсінуден көрінеді.

Өзін-өзі жақсы ұстау үшін мыналарды білу керек:

- танысу ережелері;

- іскерлік байланыстарды жүргізу ережесі;

- келіссөздерді жүргізу ережесі;

- сыртқы бейне мен киім үлгісіне қойылатын талаптар;

- сөйлеу мәнеріне қойыдатын талаптар;

- қызметтік құжаттар мәдениеті және кәсіпкерлік этикеттің құрамдас бөлігі болып табылатын этикет элементтері.

Іскерлік этика, жемқорлықпен күрес, корпоративті басқару – бүгінгі күні бұл факторлар қаржылық табыс пен бəсекелестік артықшылықтарды айқындайтын шешімдерге əсер етеді. Алайда он жыл бұрын жағдай мүлдем басқаша еді. Ең оң жағдайдың өзінде бұл мəселелер компанияның қаржылық табысына əсер етпейтін, екінші кезектегі жағдай болатын, ал кері жағдайда олар ең басты мақсат – ақша табуға мүлдем қатысы жоқ деп, тіпті талқылаудан тыс қалатын еді. Бүгінгі таңда бар əлемде барлық салалалардың жəне əртүрлі ауқымдағы компаниялар бұл тақырыпты табыстың алғышарты деп санайды.

Қазіргі таңда компаниялар жаңа факторлардың қысымымен өздерінде басқарма, əкімшілік мүшелері мен қатардағы қызметкерлер тəртібін анықтайтын іскерлік этика кодекстерін енгізуге мəжбүр. Ал халықаралық компанияларға, одан əрі, шетелдік жеткізушілеріне де жекелеген жағдайларда тиісті елдердің заңнамасы талап еткеннен де қатаңырақ этикалық нормаларды бекітуге тура келеді. Компаниялар (əсіресе қаржылық компаниялар) өздері үшін іскерлік этика кодекстерін əзірлегенде мұндай кодекс компанияның корпоративтік басқаруының ажырамас бөлігіне айналуы үшін көп факторларды ескеруге мəжбүр.

Осы мағынада, іскерлік этиканың корпоративтік кодексі – бұл бір тараптан əр қызметкер өзінен этикалық тұрғыдан не күтіліп тұрғанын білетін стандартты бекітуге тырысу, бірақ екінші тараптан бұл қатардағы қазметкерлердің, əкімшілікті жəне басқарма мүшелерін барлық қызметкерлердің ортақ құндылықтар жүйесін басшылыққа алып, ойлануды жəне шешім қабылдауға түрткі болуға тырысу.

Соңғы бірнеше онжылдықтың ішінде əлемнің əртүрлі елдерінің жеке компаниялар жұмысындағы үлкен өзгерістердің куəгерлері болдық. Ең елеулі өзгерістердің бірі іскерлік бірлестіктің жемқорлыққа байланысты мəселелерге қатыстығы болды. Жеке сектор инновациялық, кең пайдалануға арналған ашықтық пен есептілік стандарттарын, сонымен қатар оларды дағдыға енгізуді қамтамасыз ететін механизмдерді əзірлеуді бастап, жемқорлықпен жаһандық күресудің негізгі көшбасшыларының біріне айналды. Іскерлік этика кодекстері ашықтық пен есептілікті қамтамасыз етуге бағытталған реформаларда маңызды рөл атқарса да, жемқорлықпен күресуге өз үлесін басқа да, тек ішкі корпоративтік регламент мəселелерімен ғана шектелмейтін кеңірек бастамалар енгізді.

 

125.Сервистік қызметті мемлекеттік-құқықтық реттеу

Қоғам өмірінде және экономикасында қызмет көрсету саласы елеулі орын алады. Оны мына деректерден көруге болады:

· өнеркәсібі дамыған елдерде қызмет көрсету саласынан жалпы ішкі өнімнің үштен екі бөлігі алынады;

· елімізде жұмыспен қамтылған халықтың 30% -дан астамы қызмет көрсету саласында істейді және бұл көрсеткіштің әрі қарай өсуі байқалады, т.б.

Көрсетілетін қызмет түрлері көбейіп келеді. Соған байланысты мемлекет заң жүзінде оны реттеп отырады. Қызметті стандарттау жұмыстары 1992 жылы басталды. Оған себеп - Қазақстан Республикасында қабылданған «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заң. Заң тұтынушыларды қауіпті қызметтен қорғаудың жүйесін құрудың қажеттілігін айқындады. Жүйенің басты бағыты ретінде міндетті сертификаттау белгіленді. Қызмет көрсету саласында қолданылып келе жатқан ережелер, нұсқаулар, т.б. сертификаттаудың нормативтік негізі бола алмағандықтан, міндетті талаптар тағайындайтын мемлекеттік стандарттар қажет болды. Сондықтан елімізде басталған міндетті сертификаттау қызмет көрсету саласында стандарттау жұмыстарын жандандырды.

Құқықтық мемлекеттік реттеу азаматтық және шаруашылық заңдар негізінде осы заңдармен белгіленетін нормалар мен ережелер жүйесі арқылы жүзеге асырылады.Мемлекеттік Реттеу – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өмірге қатысу нысандарының бірі, мемлекеттің жалпы мемлекеттік ресурстарды бөлуге және үйлесімділікті қалыптастыруға тікелей немесе жанама түрде ықпал етуі.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 218; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты