Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЖОБАНЫ ТЕХНИКАЛЫҚ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕУ




 

 

Қазіргі кезде өнеркәсіптің, жеке кәсіпорындардың және олардың бөлімшелерінің бүкіл салаларының жұмыстары экономикалық аспекттермен анықталады. Кез келген кәсіпорынның ақырғы мақсаты - пайда алу, сондықтан өндірістің эканомикалық шарттары шын мәнінде анықтайтын болып шықты:

- шығарылатын өнімнің жоғары сапысы;

- оның нарықтағы бәсекелес қабілеттілігі;

- ғылымның және техниканың жаңа жетістіктерін енгізу;

- қазіргі өндірістің тиімділігін көтеру мақсатымен оны қайта құру және модернизациялау;

- аз шығынмен шығарлатын өнімнің көлемін арттыру;

- қолданыс табатын тауарлы өнімдер шығару;

Жаңа өндіріс қуаттарын енгізумен салыстырғанда бұрынғы істеп тұрғандарды техникалық жағынан қайта жабдықтау әлде қайда тиімді болып келеді, бұл күрделі қаржылардың жоғары тиімділігімен, өндірістік қуаттардың тез игеруілімен түсіндіріледі. ТМД елдерінде 1982-1983 жылдары қара металургияның дамуына күрделі қаржының жалпы көлемінің 37% қайта құруға және техникалық қайта жабдықтауға жіберілген болатын. АҚШ-та 1977-1980 жылдары бұл цифра 73%-ға, ГФР-65%-ға жеткен болатын.

Металлургиялық өндірістерді модернизацияланған (жаңғыртқанда) әсердегі қуаттарды өсіре беруге емес, шығарылатын өнімнің сапасына көтеруге, шикізаттық және отын қорларын үнемдеуге, еңбек өнімділігі мен жалпы өндіріс тиімділігін өсіруге қолайлы жағдай жасайтын жаңа технологиялық үдерістер мен жабдықтарды енгізуге көңіл аударылады. Мысалы, 1980-ші жылдары Жапония қара металлугияда тек энергия үнемдегіш жабдықтарды енгізуге жалпы инвестициядан 20%-дан артық күрделі қаражат жұмсады. Қара металдардың дүние жүзілік нарқында және қазіргі ортақ өндірудің дағдарыс құбылысын жеңуде, дәп осындай өндіріс технологиясын іске асыру, келешекте де шешуші рольді атқаратын болады.

Бірақ қазіргі өндірісте қайта құру ТЭК (техникалық эканомикалық көрсеткіш) көтеру проблемасы негізгі түрде шешуге мүмкіндік бермейді, өйткені ескі кәсіпорынның «тар жерлері» әрдайым сақталынып қалып отырады: ескірген көмекші жабдықтар, зауыттың ыңғайсыз жерде орналасуы және т.б. Сондықтан бұл мәселе кәсіпорынның технологиялық деңгейінің көтерілуімен, қай жағынан болса да жабдықтардың ескіргендерін пайдаланудан алып тастаумен, қатар-шешіледі.

Өндірісті жаңа жоғары өнімді агрегаттарында шоғырландыру едәуір эканомикалық нәтиже береді, оны меншікті-қаржы және энего-шығыдарлық төмендеуімен түсіндіруге болады. Пештердің көлемін өсіру тонна шойынның өзіндік құнын төмендетеді, бір кәсіпорында өнім өндіруді көтереді.

Сөйтіп қатарға енгізген агрегаттардың жоғары қайтарымен қамтамасыз ететін алдағы технолгияны қолдану жағдайында жаңа цехтарды салу бұрынғыдай маңызды істің бірі болып қала береді. Одан басқа жаңадан жасалынған дайындықтар мен технологиясы құрылысқа енгізу металлургиялық жаңа кәсіпорындарын жасауға шығындарды бір тәртіпке төмендетуге мүмкіндік жасады, бұл жаңа құрылыстың күрделі қаржасының орынын толтыру мерзімін едәуір төмендетті.

Осы дипломдық жобада қазіргі жаңа, жылдық өнімділігі 3,3 млн.тонна қайта өңделінетін шойынға есептелінген домна цехы ұсынылған. Бұл жобоны келесі аспекттер бойынша негіздеуге болады:

- жаңа цех «Арселор Миттал Теміртау» жағдайына байланысты салынады, оның ең басты өнімі тым сұраныстағы жайма прокат және ақ қаңылтыр-тапсырыс өте жоғары металлургиялық өнім;

- болжаудағы құрылыс өте қолайлы ауданда жүргізіледі: шикізаттың ірі кенорындары бар (темір кенінің, коксталынғыш тас көмірдің, әктастың, су қорының);

-шикізатты қазып алатын және даярлайтын өнеркәсптің (ТКБК-тар, агломерациялық және коксхимялық өндірістер) дамыған тармақтары бар;

- шикізаттың географиялық орналасуы, оларды тасмалдау, олардың бірі-біріне жақын орналасуына қарай көп қаржы жұмсауды талап етпейді;

- өнімдерді өткізуге болатын рыноктың болуы (Орталық және Оңтүстік Шығыс Азия, Қытай, Жер-орта теңізінің елдері, Таяу Шығыс, Ресей, ішкі рынок және т.б, яғни АМТ-ның өнімдерін 30-дан астам мемлект тұтынады).

Жаңа домна цехын жобалаған кезде алдағы технологиялық тәжірибе және соңғы технологиялық деңгейге байланысты оның экономикалық тиімділігі жоғары болады деп күтеді, ал бұл өзіндік құны өте төмен шойын алуға қолайлы жағдай жасайды.

Жобалық қуат-кез келген өндірістің ең басты көрсеткіші, ал нақтылы жылдық өнімділік те осымен қатар жүреді. Цехтың өнімділігі онда орнатылған агрегаттардың өнімділігіне тәуелді болып келеді.

Сондықтан, берілген жылдық өнімді анықтау үшін, жобаланып отырған цехтағы домна пештерінің қажетті жинақ көлемін шешіп алу қажет болады.

Бұл мәселені шешіп алу үшін былай жасайды:

- цехтың тәуліктік өнімділігін анықтайды. Ол жылдық өнімділіктен есептелініп алынады.

 

Ртәу

 

мұнда Ржыл - цехтың берілген жылдық өнімділігі, т;

Тк - цехтың бір жыл ішінде жұмыс істеп тұратын календарлық уақыты, тәулік;

- жобаның қойылған шартына қарай Ржыл= 3.300.000 тонна, Тк – (365-9) =356 тәулік, ал 9 тәулік профилактикалық (жоспар бойынша) жөндеу жұмыстарына белгіленетін уақыт. Сонымен

 

 

Ртәу = = 9270 т/тәулігіне

 

Домна пештерінің жұмыс істеу жағдайлары шикі материалдар мен кокстың сапасымен анықталынады. Көп жылдық тәжірибелерге сүйене отырып технологтар белгілі бір тиімділікте кез келген шикізатты өңдей алады. Бұл жайда ең басты мәселе ретінде қабылдан технология болады.

Домна пештерінің өнімділігі көлемін пропорционал болып келетіндіктен, донна өндірісінің техникалық сипаттамсы ретінде цехтың немесе жеке алынған пештің меншікті өнімділігін пештің 1 м3 пайдалы көлемінен тәулік оралығында алынатын шойын мөлшері жиі қолданады. Бұл көрсеткіш көлемі әр түрлі пештердің жұмысының нәтижелерін және тиімділігін салыстыруға мүмкіндік береді. Меншікті өнімділіктің мөлшерімен қатар донналық балқыманың ойдағыдай жүруі донна пешінің пайдалы көлемін пайдалану коэфицентімен анықталады, м3·тәулік/т.

 

ПКПК = ;

 

мұнда Vпайд – пештің пайдалы көлемі, м3;

Ртәу – пештің өнімділігі, т/тәулік.

Жобаланып отырған цех үшін теориялық және тәжірибелік негіздеріне сүйене отырып, бұл көрсеткішті 0,7 (м3·тәулік/т) деп қабылдаймыз, бұл мына меншікті өнімділікке тең болады:

 

=1,429 т/( м3·тәулік);

 

Сонымен цехтағы пештердің жинақ көлемі былай табылады, м3:

 

Vпайд=ПКПК·Ртәул=0,7·9270=6489 м3.

 

Демек, домна цехындағы пештердің жалпы көлемі 6489 м3. Ендігі жерде цехта орналасатын пештердің санын және әрқайсысының көлемін анықтаймыз. Мұндай мәселені бағалағанды бірік қуаты үлкен металлургиялық агрегаттардың артықшылығы болады. Сондықтын қазіргі кезде пештердің көлемі үлкендеу жасау ықпалы көзге түседі; бірақта көптеген донна пештерінің көлемі 3500 м3 аспайды. Дегенмен Кривой-Рог металлугиялық зауында және Череповец металлургиялық зауытында тиісінше пайдалы көлемі 5036 м3 және 5500 м3 үлкен салмақты пештер жұмыс істейді.

Мұндай аса қуатты пештердің трқтап қалуы осы кәсәпорындағы металл балансының бұзылуна әкеліп соқтыратынын есепен шығармау керек.

Жинақталынған тәжірибені ескере отырып пайдалы көлемі 2500¸3500 м3 пештер ең тиімді деп есептеуге болады. Осыған орай ТМД елдерінде, сонғы кездерде салынған пештердің көлемі көбінесе, типтік пештерге жататын, 2700 және 3200 м3 құрайды.

Осы айтылған пікірді есепке ала отырып, цехтың өнімділігі 3,3 млн.тонна қайта өңделген шойын алу үшін цех құрамында пайдалы көлемі V=3200 м3 екі пеш болады деп қабылдаймыз.

Ең алдымен бүкіл шикізаттар комбинатта алдын ала домналық балқытуға даярланатынын айта кету керек, яғни кез келген шикізат қазып алынғыннан кейін тікелей домна пешіне түспейді. Бұл домна пешінің жүрісін қарқындату, технологияның тиімділігін көтеру, домналық балқытудың ТЭК жақсарту және шойынның сапасын арттыру және тағы басқалар үшін жасалынады. Шикі материалдар сондықтан мұқият ортақтандыру мен агломерациялаудан өтеді. Домна пешінің шикізаты мүмкіншілігінше саны аз компаненттерден тұратын етуге ұмтылу керек. Қазіргі жағдайларға қарай әр түрлі кенорындарының жинақталған шикізатынан домна цехын қорландырып тұратын бір ғана өнім-флюстенген (өздігінен балқығыш) агломератты-алады. Сондықтан домна цехының шикізат базасы ретінде аглофабрикаға шикізат материалдарын жеткізіп беріп тұратын кенорындарының жинағы белгіленеді.

Шикі заттардың қасиеттерін нормалау шикізаттың шарттарына және қабылданған технологияға сай әр кәсіпорын үшін жеке-жеке жүзеге асырылады (үрлеменің температурасы, үрлеменің құрамы, қарқындатқыштарды қолдану және т.б.). Технологиялық параметрлердің шамасын анықтағанда домна пештерінің шихтасының құрамы тек белгіленген құрамдағы шойынды алуды ғана қамтамасыз етпей, сонымен бірге аз мөлшерде өндірістік шығындарды да аз жұмыс керек.

Өндірістің мұндай құрылымы алынатын шойынның сортаментін кеңейтуге, тоқтап қалудан болатын эканомикалық жоғалымдарды төмендетуге, жөндеу жұмыстарын тиімді жүргізуге, сонымен цехтың өнімділігін ырғақты реттеуге мүмкіндік береді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 384; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты