Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ызмет түсінігі және қызмет нарығының инфрақұрылымы




Қызмет көрсету нарығы барлық нарықтарға ортақ схема бойынша қалыптасады. Қызмет көрсету нарығы сол немесе басқа дәрежеде тұрмыстық, коммуналдық, көліктік, мәдени, білім беру, денсаулық сақтау, делдалдық, ақпараттық және халыққа қызмет көрсету бойынша басқа қызмет түрлерін қамтып отыр. Қызмет көрсету нарығының дербес бөлігі өндірістік қызметтер, яғни өндірісте қызмет көрсету бойынша қызмет түрлері қатысады.
Таза нарықтық экономикада мемлекет тарапынан ешқандай жәрдем ақша болмауы қажет, бірақ тәжірибеде саяси, әлеуметтік сияқты, моральдық жағынан да оларсыз күн көру мүмкін емес. Әсіресе, сөз білім беру жайлы болса.
Қазіргі заман адамының өмірі, қалай дегенмен де,қызмет көрсетумен байланысты. Себебі қызмет көрсету саудасына коммуналдық игілік те, байланыс та, банктік бизнес те, көтерме және бөлшек сауда да, көлік тасымалы да, сондай-ақ сақтандыру, заңды, медициналық, білім беру қызметтері және т.б. жатады. Қызмет көрсету сапасына мемлекет табысы да, фирма пайдасы да, қолайлылық, тұтынушылардың қауіпсіздігі де, әл-ауқаты да байланысты болады.

Инфрқұрылым нарықтың құрамдас бөлігі, сондықтан да оны зерттеу нарықтық механизмдерінің тұрақты дамуы мен қызмет ету барысында маңызды болып табылады.
Нарықтық инфрақұрылымды зерттеу өндіріс үшін ғана емес қоғамның әлеуметтік және мәдени өмірі үшін өте маңызды.
Наықтық инфрақұрылымына халық шаруашылығының ерекше саласы сауда (көтерме және бөлшек сауда, сауда кәсіпорындары, аукциондар, жәрмеңкелер, тауар биржалары) жатады.
Нарық институттары — коммерциялық банктер, қор биржалары сақтандыру компаниялары, аудиторлық фирмалар еңбек биржалары заң кеңселері, информациялық орталықтар жарнама бюросы. Нарықтың дамыған инфрақұрылымы экономикалық үрдіс. Оның қалыптасуы нарық экономикасына қатысушылардың бірнеше буындарының қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Инфрақұрылым - өндіріс пен тауар айналымының қалыпты қызмет етуі үшін және адамдардың тұрмыс-тіршілігіне жағдай жасауға арналған салалар жиынтығы.
Экономикалық жүйенің жұмыс істеуі, оның тепе- теңдігі және ілгері дамуы нарықты институттардың өз дәрежесінде жұмыс істеуіне байланысты. Олардың істейтін арнайы мамандырылған мекеме орындары. Қазіргі уақытта бұл институттар бір- бірімен байланысты және мүдделі. Ерекше нарық шеңберінде жұмыс істеп, бір- бірімен байланысты және арнайы міндеттер атқаратын институттардың жиынтығы нарықты экономиканың инфрақұрылымын құрастырады.
Нарықты инфрақұрылымның бөлінуі, олардың арнайы мазмұны нарықтардың қазіргі жағдайларда жұмыс істеулеріне қарай төмендегіне бөлінеді.
Дамыған елдердің тәжірибесінде қаржы құралдарының айналыс мерзімі бір жылға толмайтын болса, онда бұл ақша нарығы құралы деп саналады. Ұзақ мерзімді және орта мерзімді құралдар капитал нарығына жатады. Әр қилы елдерде қаржы құралдарын қысқа, орта және ұзақ мерзімдерге бөлу әр түрлі болады. Қазақстанда негізінен қысқа мерзімді қаржы құралдары ақша нарығының құралдарына қатысты, ал орта және ұзақ мерзімділері- капитал нарығына қатысты. Ақша нарығының құралдары, ең алдымен бизнес салалары мен мемлекеттік ұйымдардың өтімді қаржыларын қамтамасыз ету үшін қызмет етеді, өйткені капитал нарығының құралдары жинақ және инвестициялау процестерімен байланысты. Ақша нарығы құралдарының үлгілеріне вексельдерді, банк акцептерін, чектерді, банкноттарды, төлем карточкаларын және т. б. келтіруге болады. Капитал нарығының құралдарына облигациялар, акциалар, орта және ұзақ мерзімді несиелер жатады.

Нарықтық инфрақұрылымның топтастырылуы мен әр түрлі белгілері. Нарықтық инфрақұрылым субъектілерінің қызметтік сипатына байланысты салаларына байланысты, регионалдық нарық түрлеріне байланысты.

Нарықтық инфрақұрылымның негізгі міндеттері:

5. еліміздегі нарықтық қарым – қатынастарды дамыту;

6. экономиканың жоспарланған өсу жолдарын қамтамасыз ету;

7. өндірістік үрдістің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

8. қаржы әдістерін жетілдіру;

Нарықтық инфрақұрылымның негізгі функциялары:

өндірістің дамуы, өндірісті кәсіптік көтермелеу, тауар жүрісін қамтамасыз ету, іскери қарым – қатынасқа қатысушыларды ақпараттық – коммерциялық қамтамасыз ету. Нарықтық инфрақұрылымының мәні үш бағытта қарастырылады: саяси, экономикалық, әлеуметтік.

Қазақстандағы нарықтық инфрақұрылымның даму кезендері: бастапқы кезең, жоспарлық даму кезеңі, нарықтық даму кезеңі.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 134; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты