Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясының қызметі




2003 жылдан бастап және одан кейінгі жылдар бойы Корпорация экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша көрсететін қызметтерінің көлемін және түрлерін ұлғайтып келеді. Бұл еліміздің экспорттық әлеуетінің өсуін көрсетіп және экономикамызды әртараптандыру бойынша үрдістердің белгіленуін растап отыр деп нық сенеміз. «Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ (одан әрі – Корпорация) Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 мамырдағы № 442 қаулысына

сәйкес, шикізаттық емес экспортқа және шетелге салынатын инвестицияларға сақтандыру арқылы қолдау көрсету жолымен Қазақстан Республикасының 2003–2015 жылдарға арналған Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруға ықпалдасу мақсатымен құрылған.Шикізаттық емес секторды дамыту және ел экономикасын әртараптандыру проблемаларын неғұрлым тиімді шешу үшін ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулысымен Корпорацияның мемлекеттік акциялар пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы «Қазына» Тұрақты даму қоры» АҚ-ға берілді.Өзінің қызметін жүзеге асыру кезінде Корпорация Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сақтандыру қызметі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын; тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады. Корпорацияның сақтандыру қызметі 2006 жылғы 04 қазандағы лицензияның – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі берген № 35-2/1 ДОС лицензиясының негізінде жәнебекітілген Ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

Экспорттық несиелерді сақтандыру – әлемдік тәжірибеде сақтандыру қызметінің ең жас бағыттарының бірі. Дербес қызмет түрі ретінде ол ХХ ғасырда өнеркәсібі дамыған елдерде: Ұлыбританияда – Бірінші дүниежүзілік

соғыстан кейін, АҚШ пен Швецияда – Ұлы депрессия жылдарында, Германия, Франция, Жапонияда Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Қазіргі уақытта экспорттық несиелерді сақтандыру бұл елдердің сыртқы экономикалық қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады, бұл экспорт көлемінің ұлғаюына және экономиканың өсуін қалыпта ұстап тұруға септеседі. XX ғасырдың бірінші жартысының оқиғалары дүниенің саяси құрылысын және халықаралық қатынастардың дамуын ондаған жылдарға алдын ала белгілеп қойды, сондай-ақ саяси тәуекелдерді сақтандыру саласының дамуына әсерін тигізді. Әлемдік кеңістіктің бір-біріне қарсы блоктарға бөлінуіне алып келген Ресейдегі Қазан революциясы, әлемді екіге жарған Екінші дүниежүзілік соғыс мемлекеттік құрылыс тұрғысынан алғанда көптеген елдердің сыртқы экономикалық саясатына әсер етті, қазірдің өзінде де оның салдары ішінара сақталып отыр. Бірақ бір анығы, бір-біріне жау блоктарға кіретін елдермен сауда қатынастарын толығымен тоқтату объективті экономикалық қатынастарға қайшы келеді. Экспорттық несиелерді сақтандыру арқылы толтырылатын тәуекелдерді шартты түрде: саяси және коммерциялық тәуекелдер деп екі топқа бөлеміз.

Халықаралық сауданың дамуы және тәуекелдер ауқымының ұлғаюы, бір

жағынан, сондай-ақ экспорттаушыларды сақтандыру арқылы қорғаудың

қажеттігі – екінші жағынан, мемлекеттік, сондай-ақ жеке негізде экспорттық

сақтандырудың ұйымдастырылуына септігін тигізді.

Әр жеке елдің нарығында экспорттық несиелерді сақтандырумен айналысатын алуан түрлі ұйымдардың болу қажеттігі мынаған байланысты: неғұрлым икемді жеке нарықтан айырмашылығы, мемлекеттік қолдау тек қана алдын ала белгіленген шектерде көрсетілуі мүмкін. Сонымен бірге мемлекеттік агенттіктер тәуекелі жоғары, бірақ экономиканың дамуы үшін басымдықты мемлекеттік жобаларды сақтандыра алады. Оған экспорттық келісім-шарттар мен инвестициялар көлемінің артуы деп есептейді. 2007 жылы Корпорация Қырғызстан мен Тәжікстанға ұн мен өсімдік майының, Қырғызстанға сыра экспортын, Беларусь пен Тәжікстанға ауылшаруашылық өнімдерінің, Ресей мен Өзбекстанға соя шротының экспортын, сондай-ақ Қырғызстан мен Тәжікстанға тікелей инвестицияларды сақтандырды. Қайта сақтандыру экономикалық қатынастар жүйесі болып табылады, олардың барысында сақтандырушы үлкендігі әр түрлі тәуекелдерді сақтандыруға қабылдай отырып, өзінің қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес,олар бойынша жауапкершіліктің бір бөлігін өзінің сақтандыруларының

теңгерімді портфелін жасау және осылайша сақтандыру операцияларының

қаржылық тұрақтылығы мен өзін-өзі ақтауын қамтамасыз ету мақсатымен

айқындалып, келісілген жағдайлармен басқа сақтандырушыларға табыстайды. Қайта сақтандыру институты сақтандыруға қабылданған тәуекелдердің сақтандыру сомаларын теңдестіруге арналған, сол арқылы сақтандыру портфелінің теңгерімділігі, сақтандыру компаниясының әлеуетті жаупкершілігі оның қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкестендірілуі қамтамасыз етіледі, мұның өзі сақтандыру ұйымының сақтандыру тәуекелдерінің мейлінше төмендеуіне септеседі. Қайта сақтандыру алғашқы сақтандырушының сақтандыру тәуекелдерін іске асырудың жағымсыз салдарын қысқартуына, қайта сақтандыру компанияларының ресурстарын тартудың есебінен өз бизнесінің ауқымын кеңейтуіне мүмкіндік береді.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 110; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты