Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тұрғын үйлердің ішкі жоспарлануы




Тұрғын үйдегі қолайлы жағдайлар келесі гигиеналық талаптарды орындау арқылы қамтамасыз етіледі:

· пәтердің қолайлы кеңістіктік параметрлерін жасау (1 адамға есептелген адамдар тұратын ауданның өлшемі, бөлменің биіктігі, қосымша бөлмелер, пәтерлердегі ашық жайлар);

· жыл мезгілдері мен климаттық аудандарды ескеріп, қолайлы микроклимат жасау;

· бөлмеге күн сәулесінің түсуін қоса алғанда, жеткілікті табиғи және жасанды жарықты ұйымдастыру;

· сандық және сапалық параметрлері бойынша (1 адамға шаққандағы, ауа көлемінің мөлшері, ауадағы антропотоксиндер мен уытты заттардың, микроағзалар мен шаңдардың мөлшері) бөлмедегі ауа ортасының қолайлы жағдайын жасау;

· қаладағы көлік, көше мен пәтер шуының төмен фоны жағдайларында адамдардың ой еңбегімен айналысуы үшін, демалуы мен ұйқтауы үшін қолайлы жағдайлар жасау;

· отбасының шаруашылық-тұрмыстық жұмыстарын орындау мен балаларды тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар жасау;

· үйдің ішкі көрінісін эстетикалық безендіру үшін жағдайлар жасау.

Тұрғын үй ғимараттарының ішкі жоспарланауының үш түрі бар: пәтерлік, галереялық, қонақ үйлік, немесе дәліздік. Көбінесе, ең жиі қолданылатыны пәтерлік түрі, бұнда бірнеше пәтерлер бір сатыдағы алаңда орналасады. Аз пәтерлі (бір алаңда 2 пәтер) және көп пәтерлі (бір алаңда 3-5 пәтер және одан көп) секциялар да болады. Аз пәтерлі секция ең қолайлы жоспарлануы болып табылады, себебі бұл түрі пәтерлерді желдету үшін ең жақсы жағдайды қамтамасыз етеді.

Тұрғын үй ғимараттарындағы пәтерлерді, оларда бір отбасы тұратын жағдайдан алып, жобалайды. Әрбір пәтерде адамадар тұратын (қонақ бөлме, ұйықтайтын бөлме, жұмыс кабинеті) және қосалқы бөлмелер (кіре беріс, асүйі, дәліз, жуынатын бөлме, дәретхана, балкон, лоджия) қарастырылады. Отбасы мүшелерінің ішінде қарттар мен мүгедектер бар пәтерлерде балкондар мен лоджиялар міндетті түрде болу керек. Пәтердің жоспары, адамдар тұратын бөлмелерді қосалқы бөлмелерден оқшаулауды, өтпелі бөлмелердің санын ең аз етіп, бөлмелер арасындағы қолайлы байланысты, оларға күн сәулесінің жақсы түсуін және өтпелі желдету мүмкіншілігін, шу мен ауаның ластануының алдын алуды қамтамасыз етуі және ең жақсы микроклимат жағдайларын жасауға мүмкіндік тұғызуы тиіс.

Пәтерлерді екі жақтылы жоспарлау ең қолайлы болып табылады, оның бір жақтыдан айырмашылығы, пәтердің бөлмелері екі жағында да: ғимараттың фасадында да және аулалық бөлігінде де орналасады. Бұндай жоспарлау химиялық және биологиялық ластаушы заттардың концентрациясын 3-5 есе төмендетіп, тиімді желдетуді қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік тұрғын үй қорының үйлеріндегі пәтерлердің ауданының жоғарғы шегі гигиеналық талаптарға сәйкес құрылыс нормалары мен ережелерімен анықталады. Олар пәтерлердің 2 түріне есептелген: аз метражды және толық метражды (7.1 - кесте)

Кесте


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 219; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты