Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Шаруашылық субъектілерінің жіктеуі, белгілері. Материалдық өндіріс аялары мен өндірістік емес аялардың қаржылары




Нарықтық экономика жағдайындағы меншік иелерінің алуандығы (мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, кооперативтік және т.б.), олардың арасындағы бәсекелестік қоғамдық өндірістегі өзгерістерге, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктеріне тез бейімделетін икемді, динамикалы экономика құруға мүмкіндік береді. Әртүрлі шаруашылық субъектілерінің меншік нысандарының алуандығы, өндіріске, бөлу процестеріне және қаржылық қатынастарға қатысатын халықтың әртүрлі топтарының мүдделерін көрсетуге қабілетті.

Өндіріс, бөлу және тауарлар айналымы аяларындағы, шаруашылық шешімдерін қабылдаудағы, шаруашылықты натуралдандыруға, республика өңірлерінің өзін-өзі оқшаулауына жол бермеудегі монополизмді жою манызды проблема болып саналады.

Аталған проблеманы шешу меншік қатынастарын қайта құру, еркін кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту, монополияға қарсы саясат жүргізу, халық шаруашылығындағы өндірісті ірілендірмеу және диверсификациялау есебінен параллель өндірістік құрылымдар құру бағытында жүргізледі.

Мемлекет иелігінен алу және өзге меншік нысандары жекешелендіру жолымен мемлекеттік меншікті қайта құру осы нысандардың алуандығын қамтамасыз ете отырып, соның негізінде материалдық өндіріс пен қызмет көрсету аяларында нақты қожайындарды қалыптастыру үшін объективті алғышарттар жасалады, кәсіпкерлік пен бәсекелестікті ынталандырады, жоғары түпкі еңбек нәтижесіне қызметкерлердің ынтасын туғызады.

Мұнда, қайта жаңарулар барысы, олардың сапасы соған қатысты болатын мемлекеттік экономикалық және қаржы саясаты ерекше маңызға ие болады.

Мемлекет иелігінен алу – бұл мемлекеттік меншікті оның өзге нысандарына ауыстыру.

Егер мемлекеттік және муниципалды кәсіпорындарды азаматтар жеке меншікке алса немесе акционерлік қоғам болып қайта құрылса, онда сөз жекешелендіру туралы болып отыр деп түсіну керек.

Қазақстандағы, экономиканы мемлекет иелігінен алу мен меншікті жекешелендірудің негізгі нысандары болып мыналар саналады:

- мемлекеттік кәсіпорынның акционерлік қоғам, өзге шаруашылық қоғамы немесе серіктестік болып құрылуы;

- мүлігі мемлекеттік меншік болып саналмайтын азаматтардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың конкурс бойынша немесе аукционда мемлекеттік кәсіпорынның мүлік немесе мемлекеттік акцияларды құнын өтеп сатып алуы;

- акционерлік қоғамдардың меншік иесінің шешімі бойынша холдингтерді және акционерлік компанияларды диверсификациялау кезінде олардың акцияларын, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінің өңдеуші және қызмет көрсетуші кәсіпорындарының акцияларын құнын өтеп сатып алу.

Жеке жобалар бойынша жекешелендіру кезінде объектілер стратегиялық инвесторға (акциялардың бақылау пакетін иеленетін) тікелей сатудан өзге (акционерлеуден кейін), сенімгерлік басқаруға, оның ішінде, мемлекеттік акциялар пакетін құнын өтеп сатып алумен шетелдік заңды тұлғаларға берілуі мүмкін.

Қазақстанда мемлекеттік меншікті екі-үш кезеңде жекешелендіру мен қайта құрылымдау бағдарламасы қабылданған болатын, онда мемлекеттік меншікте қалған объектілерді қайта құрылымдау мен жекешелендіру процесін аяқтау көзделген болатын. Осы бағдарламада сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін сатудың төмендегідей екі түрі қаралды:

1. Саудаластықтарда аукциондық және тендерлік негізде сату;

2. Тікелей атаулы (адресная) сату.

Қайта ұйымдастыру (құру) рәсімдері төлем қабілеттілікті қалпына келтіру үшін мүмкін емес деп танылған кәсіпорындар сот тәртібімен банкрот деп жарияланады. Олар Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңында көзделген, арнайы белгіленген рәсімдерге сәйкес таратуға жатады.

Тұтастай алғанда, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру коммерциялық есепайырысу тәртібін (режимін) бекітеді және қаржылық сауықтырудың маңызды факторы болып саналады. Олар, өндірістің бүкіл резервтерін пайдалануға мүмкіндік бере отырып, кәсіпкерлікті дамыту үшін кепіл болады. Соңғы 2-3 жыл ішінде жүргізіліп жатқан Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процестері, көп жағдайда толық дайындықпен жүргізілмегенін көрсетті, нәтижесінде бұл мемлекет үшін қаржы ресурстарын жоғалтуға әкеліп соқты. Республиканың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларындағы қиын жағдай қаржылық қатынастарда тереңдей түсті.

Нарықтық қатынастардың қалыптасу барысындағы меншік нысандарын дамытудың қазіргі кезеңі Қазақстан экономикасының кооперативтік секторында жаңа қызмет аяларының өркендеуі үшін кең жол ашып отыр, бұны әсіресе: Англия, Швеция, Финляндия, Қытай және т.б. бірқатар елдердің тәжірибесі де дәлелдейді.

Шаруашылық қызметінен алатын пайдалар мен пайщик-мүшелердің оған кіруі мен пай жарналары есебінен құралатын негізгі және айналым қорлары кооператив (бірлескен) меншігі болып саналатыны кооперацияның, оның ішінде тұтыну кооперациясы қызметінің ерекшелігі болып саналады.

Кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдардың үлгісі (типі) оның ішкі қаржы қатынастарындағы шешуші фактор болып саналады. Мәселен, бюджетке табыс салығын, мүлік салығын, жер салығын, жанама салықтар төлеу негізгі қаржы қатынастарының бірі болып саналады.

Кооперативтің қаржы ресурстары өнімдер өткізуден, жұмыстар атқарудан, қызметтер көрсетуден алған түсімдер, амортизациялық аударымдар, пайлар мен кооператив мүшелерінің, өзге кәсіпорындар мен ұйымдардың жарналары есебінен, сондай-ақ несиелер мен бағалы қағаздар (акциялар) сатудан алған қаражаттар есебінен қалыптасады.

Шаруашылық тетігін демократияландыру сыртқы экономикалық қызметтегі кооперативтердің кең құқықтарына негізделеді. Ол өнімдер, қызметтер көрсету мен жұмыстар орындау экспорты мен импортынан тұрады. Шекара аймағындағы сауда тәртібіндегі шетелдік әріптестермен валютасыз операциялар жасау кең даму ала түсуде: Экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыру үшін банктер, импорттық тауарларды сату есебінен алынған қаражаттар есебінен жабылуы тиіс кооперативтерге несиелер береді.

Өндірістік –қаржылық қызметтерді жүзеге асыруда кооперативтерге үлкен құқықтар беру, өзге кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ банкілер алдында жұмыс нәтижелері үшін оларға үлкен жауапкершілік жүктейді. Кооператив өздерінің шарттары бойынша иелік ететін ақша қаражаттарына ғана емес, сонымен бірге негізгі қорларды қоса алғанда, бүкіл мүлкімен жауапкершілік көтереді. Төлем қабілетсіз кооператив таратылады, ал оның мүлкі кооператив мүшелерімен және қызметкерлерімен есеп айырысып, мемлекет пен банктер, өзге ұйымдар алдындағы міндеттемелерді орындағаннан кейін, өзге кооперативке немесе жоғары тұрған ұйымдарға берілуі мүмкін.

Үлкен алғышарттар мен жағдайларға қарамастан Қазақстандағы кооперацияның дамуы әлі бастапқы сатыда тұр. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы» Заңы, қаржы ресурстарын іздеудің, кооперативтер қорларын пайдаланудың, пай жарналарын орталықтандырудың барлық мүмкіндіктерін дамыта отырып, экономикадағы, әсіресе ауылдық жерлердегі кооператив секторын дамыту үшін база болып қатысады.

 

Ртүрлі меншік нысандарындағы шаруашылық органдары қызметінің ұйымдық-құқықтық аспектілері. Шаруашылық субъектілерінің қаржыларын ұйымдастыру принциптері

Шаруашылық субъектісі экономиканың негізгі буыны ретінде, шаруашылық жүргізу мен меншік нысандарының алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен нарықты дамыту жағдайында жұмыс істейді.

Ұйымдық-құқықтық формалары бойынша шаруашылық субъектілерін шектеу олардың қаржыларын ұйымдастыруда: капиталды қалыптастырудағы, өндірістік-шаруашылық қызметін қаржыландырудағы, шаруашылық жүргізуден алған нәтижелерді бөлудегі айырмашылыққа әкеледі.

Меншік нысандарына қатысты шаруашылық жүргізу субъектілерінің қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері бар. Мысалы, өндірістік шаруашылық жүргізу субъектілерінің қаржы қорлары меншікті көздер (амортизациялық аударымдар, таза кіріс; банктердің несиелері; бағалы қағаздар шығарудан алған қаражаттар) есебінен құралады; мемлекеттік кәсіпорындарда бұл қаражат көздері қажетті жағдайларда бюджет және бюджеттен тыс қорлардан қаржыландырумен толықтырылады; кооперативтерде – кооперативтер мүшелерінің пай жарналары қаражатымен толықтырылады. Тәжірибеде, аралас меншік нысандарымен байланысты, олардың көздері бойынша қорларды құраудың аралас формалары жиі кездеседі. Мысалы, негізгі және айналым қорларының үлкен бөлігі мемлекетке жататын мемлекеттік кооперативтерде, қызметкерлердің пай жарналары екінші кезекті рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлік қоғамдарда да сол сияқты.

Өндірістің бастапқы қорларын қалыптастыруға сәйкес шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелері: таза кіріс; пайыздық кіріс; дивидендтер; пай кірістері; бюджеттің (бюджеттік несиелер) және бюджеттен тыс қорлардың шығыстары болып бөлінеді және пайдаланылады.

Пай негізінде жұмыс істейтін шаруашылық субъектілерінің – шаруашылық серіктестіктерінің, кооперативтердің бірлескен кәсіпорындардың қаржыларын ұйымдастыру осындай кәсіпорындардың қаражаттарын қалыптастыру және әрбір қатысушының мүлкіндегі үлестерге сәйкес алынған кірістерді кейін бөлудің ерекшеліктерімен айқындалаы.

Осындай шаруашылық субъектілерінің құрылтайшылары мен қатысушылары ақша қаражаты түріндегі өзінің алуан мүлік түрлерін (ғиматарттарды, үйлерді, жабдықтарды және т.б.), мүліктік құқықтарды (жерді, табиғи ресурстарды, мүлікті, зияткерлік меншікті) жүзеге асырады.

Заңнамада айқындалғандай, шаруашылық серіктестігі – пайда табуды өз қызметінің негізгі мақсаты етіп қоятын, жарғылық қормен қатысушылардың (құрылтайшылардың) салымдарына (үлестеріне) бөлінген, заңды тұлға болып саналатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серіктестіктерінің келесі формалары белгіленген:

1) толық;

2) жай;

3) коммандиттік;

4) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

5) толық жауапкершіліктегі серіктестік;

6) акционерлік қоғам.

Толық серіктестіктің кірісі мен шығындары, егер құрылтайшылық шартта немесе қатысушылардың келісімен басқалай көзделмесе, олардың серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестерінің мөлшеріне пропорционал түрде қатысушылар арасында бөлінеді; жауапкершілігі шектеулі командиттік серіктестік бойынша да осындай жайлар көзделген.

Акционерлік қоғамдарда қолдануға байланысты қаржы қатынастарының белгілі бір ерекшеліктері акцияларды өндірістік және коммерциялық қажеттіліктерді қаржыландыру құралы ретінде қолданылған кезде көрінеді. Акционерлік қоғамдар қызметінің ұйымдық формаларының алуандығы осыған ықпал етеді: олар толық немесе шектеулі жауапкершіліктегі қоғам болуы мүмкін. Акциялар категорияларының (кәсіпорындар акцияларының, еңбек ұжымы акцияларының, акционерлік қоғамдар акцияларының), олардың түрлерінің (артықшылық берілген, атаулы, ұсынушылар) алуандығы қаржыларды ұйымдастыруға әсерін тигізеді. «Қаржы нарығы» тарауында акционерлеу тетігі неғұрлым толығырақ қарастырылған.

Акционерлік қоғамның баланстық таза кірісі, заңнамада көзделген тәртіпте айқындалады. Таза кіріс (салықтар төлегеннен кейін) қоғамның иелігінде қалады және дивидендтер түрінде акционерлер арасында бөлінеді, резервтерге, өндірісті дамытуға немесе қоғам жиналысының шешімімен көзделген өзге де мақсаттарға аударылады. Ашық акционерлік қоғам жарғылық капиталдың 15%-ынан кем емес мөлшерде резервтік қор жасауға міндетті.

Акционерлік қоғам жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуге құқылы емес:

1) қоғамның меншікті капиталы болымсыз (отрицательном) болған жағдайында;

2) егер қоғамда төлем қабілетсіздік немесе қауқарсыздық белгілері болса.

Қоғам жарғыға сәйкес, қызметкерлер арасында бөлу үшін салықтар төлегеннен кейін белгілі бір кіріс пайызын (оның ішінде ақшалай сыйақы немесе акциялар түрінде) бөле алады. Дивидендтер, егер бұл жарғыда көзделген болса тауарлар түрінде, сол сияқты акциялар (кірісті капиталдандыру), облигациялар түрінде төленуі мүмкін.

Акционерлік меншік нысаны экономикасы дамыған елдерде тиімді түрде қолданылады және әлемдік тәжірибеде жалпыға бірдей танылған болып саналады. Ол ұсақ меншік иелерін – акцияларды ұстаушыларды, аталған кезеңде неғұрлым тиімді болып саналатын, қызмет аяларының неғұрлым басым салаларына қаржы ресурстарының құйылу мүмкіндігін туғызатын кәсіпорындар мен салалар қаржыларын қалыптастыруға қатысуға жұмылдырады. Жеке қаржы иелері үшін, тіпті жекелеген қаржы институттары үшін қол жетімді емес, жеткілікті түрде ірі кәсіпорындар құру акционерлік форманың артықшылығына жатады. Акционерлік кәсіпорынның ауқымы оның өнімдеріне нарықтық сұраныстың ауқымымен, нарықты дамытудың басқарушылығымен, перспективаларымен қалыптасады. Оның акциясын иелену жолымен бір кәсіпорынның екінші бір кәсіпорынның қызметіне қатысу мүмкіндігі акционерлік форманың аса маңызды артықшылығы болып саналады. Бұл ретте төмендегідей әртүрлі нұсқалар пайдаланылады:

1) шикізат беруші – кәсіпорын қызметіне қатысу;

2) нарыққа ие болу үшін өзге өңірлерде орналасқан, сондай кәсіпорындар қызметіне қатысу;

3) өнімдерді тұрақты өткізуді қамтамасыз ететін, сауда және көлік кәсіпорындарының қызметіне қатысу;

4) пайда алу мақсатымен неғұрлым табысты кәсіпорындардың қызметіне қатысу.

Нарық жағдайында акционерлік қоғам өзге ұйымдық – құқықтық формалар субъектілерімен салыстырғанда неғұрлым орнықты болады. Бұған, қоғамды қалыптастыру, олардың нарықты жеңіп алуы, неғұрлым тұрақты түрде табыстылықты қамтамасыз етуге және болашақта кірісті түбегейлі өсіруге бағытталған қосымша капитал жұмсауды жүзеге асыру мүдделері тұрғысынан, кірісті (пайданы) бөлуден уақытша бас тарту есебінен қол жеткізіледі.

Экономикада мемлекеттік сектор маңызды орын алады. Бұл секторда кәсіпорындардың келесі түрлері жұмыс істейді:

1) заңнама шегінде осы мүлікті иелену, пайдалану және билік ету шегінде жүзеге асырылатын, меншік ретінде мүлікті мемлекеттен алған, кәсіпорынның заттық құқығы болып саналатын, шаруашылық жүргізу құқына негізделген;

2) оны өз қызметінің мақсаттарына, меншік иесінің тапсырмаларына және меншік иесінің тапсырмаларына және осы мүліктерді иелену, пайдалану және билік ету құқығына сәйкес, заңнама шегінде жүзеге асыратын және мүлікті меншік иесінен алған, кәсіпорынның заттық құқығы болып саналатын, жедел (оралымды) басқару құқына негізделген (қазынашылық кәсіпорын).

Мемлекеттік кәсіпорындар міндетті түрде мемлекеттің тапсырмасын орындайды. Мемлекеттік кәсіпорындардың мақсаты – қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерімен айқындалатын әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу болып саналады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 257; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты