Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Таратылатын материал. Қазіргі кезде адам организмінде Д.И.Менделеевтің Периодтық жүйесінен 81 элемент табылды




Қазіргі кезде адам организмінде Д.И.Менделеевтің Периодтық жүйесінен 81 элемент табылды. Органогенді –элементер (С, Н, О, N, P, S), организм тінінің негізгі компонеттері, масса бойынша 97,4% құрайды. Олардың организміндегі мөлшері Са2+, Mg2+, Na+, Сl, иондары сияқты 10-2 % аспау керек. Бұлар макроэлементтер. Организмде әр түрлі мүшелер мен тіндерде микроэлементтердің таралуы 10-5—10-2% аралығында болады. Егер организмде элемент мөлшері 10-5% төмен болса, онда ол ультрамикроэлемент. Керекті (эссенциалдық,ауыстырғышы жоқ) микроэлементтерге Периодтық жүйенің d-блогындағы элементтер: мыс, мырыш, темір, кобальт, молибден, марганец жатады. Бұл биогенді элементтерді өмірлік металдар немесе өмірге қажетті микроэлементтер деп атайды.Адам организмінде өмірге қажетті элементтер бірқалыпты концентрацияда болады (химиялық гомеостаз). Егер олардың мөлшері азайса, онда жеткіліксіздіктің негізгі белгілері пайда болады. Кейбір металдар (V, Ni, Сг) адам организмінде микро- немесе ультрамикро мөлшердекездеседі, бірақ олардың биологиялық рөлі толық зерттелмеген, сондықтан оларды шартты қажетті элементтер деп атайды.

 

Рис. 1. Металдардың қоршаған ортада таралуы.

Организм — динамикалық полилиганды және полиметаллдық жүйе, реттеу үшін металлолигандды гомеостазды ұстап тұру қажет (МЛГ).

Рис.2. Менделеевтің Периодты жүйесі, адам организмінде табылған және/немесе дәрілік зат ретінде қолданылатын лементтер.

Әдебиеттер

1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет.

2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология. -М.,"Медицина", 1994. –189с.

4. Крамаренко В. Ф. Токсикологическая химия / В. Ф. Крамаренко. - Киев, «Высшая школа», 1989.- 272с.

Бақылау сұрақтары

1. Микроэлементтер туралы негізгі түсінік.

2. Маңызды эссенциалды және шартты-эссенциалды микроэлементтер.

3. Улы микроэлементтер.

4. Өмірдің әр түрлі периодында микроэлементтердің адам организмінде бір қалыпта болуы.

5. Улылығы.Токсикокинетика сұрақтары.

6. Металдардың улылығына әсер ететін факторлар.

Тақырып 3. Адамның медициналық, сот-медициналық және фармацевтикалық іс-әрекетінде мүмкін болатын өткір, созылмалы металлотоксикоздың аналитикалық диагностикасындағы сұрақтар

Мақсаты:Биологиялық материалдан минералдау арқылы оқшауланатын улы заттар тобымен, олардың қасиеттерімен және улы механизмдерімен студенттердің танысуы.

Оқыту мақсаты: Биологиялық материалдан «металдық уларды» бөліп алу әдістерін студенттерге үйрету.

Өткізу түрі: презентациямен бірге топтық талқылау.

1. Қоршаған ортаның ластануы, актуалдылығы

2. Лабораторлық тесттердің клиникалық құндылығын бағалау үшін көрсеткіштер.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 154; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты