Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


МЕТАПЛАЗИЯ




Метаплазия (грекше: metha — басқаша, plaseo — түземін) деп жетілген бір тіннің екінші бір жетілген тінге айналуын атайды. Ме­таплазия организмнің бейімделу реакцияларының немесе репара-циялық регенерациясының көрінісі есебінде көптеген патология-лық үрдістерде кездеседі. Қалыпты жағдайда метаплазия даму жағ-дайы (гистогенезі) біртекті тіндерге тән.

Метаплазияның морфологиялық негізінде жас жасушалардың көбеюі жөне олардың белгілі бір бағытта жетілуі жатады.

Метаплазия организмнің бейімделу үрдістерінің көрінісі ретіңце жасушалардың, тіндердің әр түрлі жағдайларға байланысты (вита-миңдер жеткіліксіздігі, гормондар немесе канцероген заттардың әсері) тіршілік мүмкіншілігін өзгертуі нәтижесінде дамиды. Әдет-те, метаплазияға созылмалы аурулар себеп болады. Созылмалы бронхит кезінде бронхтың цилиндрлі эпителиінің көпқабатгы эпи-телиге айналуы жиі кездеседі. Бронх эпителиінің метаплазиясы көбінесе вирустық инфекциялардан кейін дамиды. Егер көпқа-батты эпителий жетіліп, гистогенезі бойынша өзінен жоғары са-тыда түрған цилиндрлі эпителиге айналса, бүл үрдісті удемелі (прогрессивті) метаплазия — прозоплазия дейді. Егер де эпителий жасушасы өзіне тән тінді түзе алмаса мүны кері даму (регрессивті) метаплазиясы дейді. Мысалы: метаплазия нәтижесінде бауыр жа-сушаларынан өт жолдарының эпителиінің пайда болуы. Сүйек регенерациясы кезінде әуелі дәнекер тіннің, кейін шеміршек тіннің соңында сүйектің қалыптасуын репарациялық регенерация нәтижесінде дамыған метаплазия деуге болады.

Метаплазияның маңызы.Метаплазияга шалдыққан бронх эпителиі өзіне тән секрет бөліп шыгару, қорганыс қызметтерінен айрылады. Мүның нәтижесінде шылым шегушілер пневмониямен жиі ауырады. Метаплазия ошақтарынан қатерлі ісік даму мүмкіндігі бар. Өкпенің жалпақ жасушалы рагы осыған мысал бола алады.

8 бөлім. ІСІКТЕР

Ісік (бластома, неоплазма, тумор) деп соматикалық жасуша-лардың мутацияға байланысты тоқтаусыз және бақылаусыз көбейіп кетуі нәтижесінде пайда болатын патологиялық үрдісті атайды.

Ісіктер тек адамдарға ғана емес жануарлар дүниесінде, тіпті өсімдіктерде де кездеседі. Кейінгі кездердегі жүргізілген зерттеу-


8 бөлім. Ісіктер________________________________________________________ 10^

лер, бізден миллион жылдар бүрын өмір сүрген динозаврларда да ісік болғанын көрсетті. Демек, ісік адамнан бүрын пайда болған патологиялық үрдіс.

Ісіктер қазіргі танда ауру адамдар өлімінің негізгі себебі ретінде жүрек-қан тамырлар ауруларынан кейінгі екінші орында түр. Адам-дардың өрбір бесінші немесе алтыншысы осы қатерлі ісіктен өледі екен. Сол үшін ісіктердің пайда болу себептерін, оның таралу жол-дарын, морфологиялық өзгешеліктерін білу және үйрену медици­на тәжірибесі үшін өте маңызды мәселе. Ісіктерді зерттеумен он­кология ғылымы шүғылданады.

Қатерлі ісіктердің ішінде ең көп кездесетіні рак. Өкпе рагы бойынша бірінші орында Шотландия түр. ТМД (Тәуелсіз мемле-кеттер достастығы) елдерінде бірінші орында асқазан рагы, Афри-када бауыр рагы, Индияда ауыз қуысының рагы, Өзбекстанда өңеш pari мен тері рагы көп кездеседі. Қазақстанның батыс аймақта-рында өңеш рагы (қылтамақ) жиі кездеседі. Дүниеде рак ең көп тараған ел Австрия болса, Португалияда бүл қатерлі ауру өте си-рек кездеседі.

Рактың аз не көп болуы сол елдің тек географиялық орнымен гана анықталмайды, ел түрғындарының түрмыс жағдайына, өдет-ғүрыптарына, тамақтану дағдыларына және басқа да себептерге байланысты. Қазіргі уақытта адамды қоршаған ортаның: ауаның, судың, жейтін тағамдардың химиялық тазалығына аса зор мән берілуде. Себебі ғылыми-техниісалық прогрестің нәтижесінде адам өмірі үшін қауіпті, тіпті кейбір рак тудырушы заттардың осы орта-да көптеп жиналғандыгы анықталып отыр. Рак негізінен жасы үлғайған адамдарды 60—70 жастан кейін кездесетін ауру. Кейінгі жылдары (2000 жылдан кейін) ракпен ауыратындардың жасаруы байқалуда.

8.1. ІСІКТЕРДЩ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ КӨРШІСТЕРІ МЕН ҚҮРЫЛЫСЫ

Ісік қай тіннің немесе ағзадан өсуіне байланысты оның сыр-тқы көрінісі әр түрлі. Ісік агза қуысына қарай немесе терінің сыр-тында полип тәрізді жіңішке сабаққа ілініп түрса, оны экзофитті өсу дейді. Егер ісік қуыс агзаның қабырғасына немесе басқа ағза-лардың ішіне қарай өссе, оны эндофитті өсу деп атайды. Ісік көбінесе үлкенді-кішілі түйін түрінде өседі, оның келемі қай жер-де өсуіне байланысты. Бас сүйегінің ішіндегі ісіктер көп үлкей-мей-ақ ауыр клиникалық өзгерістерге соқтырса, іш қуысындагы


1У0 Ж.Лхметов. Патологиялық анатомия

ісіктер шексіз өсе беруі мүмкін. Мысалы, жатыр фибромиомасы-ның 70 килограмға дейін жеткені белгілі, ал аналық безде 129,5 килограмдық кистома табылған.

Айта кететін жәйт, тек адам өміріне қатерсіз ісіктер ғана осын-дай дәрежеге дейін өсуі мүмкін. Рак негізінен ақшыл түсті болса, саркоманың түсі балық етіне үқсас ақшыл-қызыл болады, ал май тінінің ісігі сары түске боялады.

Ісіктің жүмсақ немесе қатты болуы оның паренхимасы мен стромасының арақатынасьша байланысты. Ісік қүрамында парен­хима (үлпа) басым болса ол өдетте жүмсақ, ал стромасы (тіні) көп болса қатты болады. Барлық ісіктерді гистологиялық қүрылысы-на, клиникалық көріністеріне қарап қатерсіз, қатерлі, жергілікгі тінді бүзып өсуші ісіктер деп үш топқа бөледі.

8-кесте Қатерсіз және қатерлі ісіктердің сипаттамасы

 

1 Өсу ерекшеліктері 1 Қатерсіз ісіктер Қатерлі ісіктер
Өсу турі экспансиялық (ісік ше- карасы анық, айнала- сындағы іінді ығысты- рып өседі) инвазиялық (инфильт- ративті) (ісік шекарасы анық көрінбейді, айна- ласындағы тінге сіңіп |_______ еседі)_______
Өсу жшдамдыгы баяу тез
Тіндік атипизм болады 1 болады
| Жасушалық атипизм болмайды болады |
Метастаздар болмайды жиі байқалады |
Митоздық белсенділігі төмен өте жоғары, атипиялық митоздар көп
Өзі дамыган тінге \ гистологиялық үқсастыеы жоғары өте темен, кейде мүлде ] үқсамайды
1 Қайталануы 1 өте сирек 1 жиі 1
ГОрганизмге әсері шамалы өте жаман, көбінесе интоксикация бел- гілері, кахексия дамиды

Қатерсіз ісіктер әдетте үзақ уақыт өседі жөне организмді аса қауіпті өзгерістерге үшыратпайды. Оларға негізінен тіндік апти-пизм тән. Тіңдік атипизмге ісік қүрамындағы паренхима мен строма арақатынастарының бүзылуы, строманы түзуші дәнекер талшық-


8 бәлім. Ісіктер

тарының, нерв талшықтарының әр түрлі жуандықта болуы немесе олардың түрлі бағытта ретсіз орналасуы, қан тамырларының «бір жерде көп, екінші жерде аз болуы және т. б. кіреді. Бірақ жасуша-лар түзілісінде өзгеріс болмайды. Қатерсіз ісіктер айналасындағы тінге бойламай, оларды ығыстыра (экспансиялық) өседі, олардың қүрылысы өзі дамыған ағзаның (тіннің) қүрылысына сәйкес бола­ды, яғни гомологиялық ісіктер қатарына жатады. Қатерсіз ісіктер метастаз бермейді, хирургиялық жолмен алып тастағанда кейбір сирек жағдайда болмаса қайта өспейді (рецидив бермейді). Қатерсіз ісіктер өте үлкейіп кеткенде ғана жанындағы ағзаларды басып ме-ханикалық түрғьщан эсер етеді және олардың қызметін бүзады. Сонымен қатар қатерсіз ісіктің қатерлі ісікке айналу мүмкіндігін (мсишгнизация) де естен шығармау керек.

Қатерлі ісіктерге жасушалық атипизм төн. Оларды түзуші жа-сушалар өзі өсіп шыққан ағза не тін жасушаларьшан өзгеше бо-лып гетерологиялық ісіктер қатарына жатады. Жасуша ядролары бояуларды жақсы сіндіріп (гиперхромия) микропрепаратта айқын көрінеді, ядрошықтары үлкейеді, жалпы ядро-цитоплазма арақағ-тынасы ядро пайдасьша шешіледі (56, 57 суреттер). Қалыпты жағ-дайда бүл арақатынасы 1:4, 1:6 болса, қатерлі ісіктерді 1:2, тіпті 1:1 дейін жетеді. Қатерлі ісік жасушалары тез өсш-өнетіндіктен олар-дың арасында митоз (жасушаның бөлініп көбеюі) қүбылысы көп кездеседі, кейде ісік жасушаларының 10 пайызы митоз жағдайын-да болады, олардың ішінде патологиялық митоздардың саны көбейеді (хромосомалардың шашылып немесе бөлшектеніп кетуі, хромосо-малар арасында көпірлердің пайда болуы, коп полюсты митоздар, үш топты метафаза және т. б.) (И.А.Алов). Кейбір жасушада хро­мосома саны 200-300-ге жетеді.

Жасуша атипизмнің айқын көрінісінің бірі — улътрақурылым-дар атипизмі. Осы күнге дейін тек рак жасушасына ғана тән элек-тронды-микроскоптық өзгерістер табылмағанымен әрбір ағзадан осетін ісіктердің ультрақүрылымдық ерекшеліктері бар екендігі даусыз. Жасушаішілік ультрақүрыльшдардың саны да, сапасы да өзгереді, әсіресе митохондрилердің атипиялық, ірі түрлері көбейеді. Электрондық микроскопта ультрақүрылымдары белгілі бір ағзаға, тінге тән жетілген жасушаларды табу өте маңызды, себебі олар сол ағзадан өсетін ісік таңбасы (маркері) рөлін аткарады. Мысалы, ісікті І-ІІ типтегі пневмоциттердің болуы бүл ісікгің өкпе рагына тән екендігін, десмосомалар мен тонофибрилдердің немесе керато-гиалиннің табылуы ісіктің жалпақжасушалы рак қатарына жата-тындығын дәлелдейді. Сонымен қатар, электрондық микроскопта



Ж.Ахметов. Патологаялық анатомия


8 белім. Ісіктер



 



56-сурет. Қатерлі ісік (глиобластома) жасушаларының

атипизмі

57-сурет. Қатерлі ісіктегі екі ядролы алып жасуша

(С. И. Иржанов бойынша)


ісік жасушаларының ультрақүрылымдар деңгейіңце жетіле алатынь дығы (дифференцировкасы) да анықталған (Н.Т.Райхлин).

Дегенмен де, қатерлі ісік жасушалары әр түрлі пісіп жетілу деңгейінде көрінеді, себебі жетілмеген (бағаналық) жасушалармен бір қатарда, жартылай жетілген және ізашар (предшественник) жасушалардың болуы да тән.

Қатерлі ісік айналасындағы тіндерге сіңе өсіп (инфилътративтік өсу), әуел бастан метастаз береді. Метастаз деп ісік жасуіііалары-ның алғашқы ісік ошағынан бөлініп шығып басқа бір ағзаларда жаңа ісік түйінін түзуін айтады. Метастаз дамуы өте күрделі қүбылыс, ол бірнеше кезеңдерден түрады: 1) ісік түйініне жаңа қан тамырлары-ның өсіп кіруі; 2) ісік прогрессиясына байланысты ісік жасушала-рыньщ ішінен метастаз беруге қабілетгі жасушалар тобының сүрып-талуы; 3) ісік жасушаларыньщ лимфа немесе қан тамырларының экстрацеллюлярлық матриксіне, кейін тіректік мембранасына өздерінің интегриндік рецепторы арқылы жабысуы; 4) оларцың протеолиздік ферменттер (IV типтегі коллагеназа, плазминогенді белсендіреіін заттар, фибронектин) бөліп шығара отырьш, тірекгік мембрананы бүзуы, сөйгіп, қан немесе лимфа тамыры ішінде ісіктік эмболдың пайда болуы; 5) ісік жасушаларының майда тамырлар қабырғасына қайта жабысуы (адгезиясы); 6) ісік жасушаларының тіректік мембрана айналасындағы тіндерге шығып, өсіп-өнуі нәтижесінде метастаздық түйіннің пайда болуы. Осылайша өтетін сатылы өзгерістерді метастаздық каскад деп атайды.

Ісік жасушаларының негізгі ісік түйінінен бөлініп шығуы олар-дың бір-бірімен тығыз байланыспағандығының нәтижесі. Оның себептеріне ісік жасушаларыньщ мембраналарында өткізгіштіктің артып кетуі (лизосомалық мембраналар өткізгіштігінің артып кетуі, мембрана сыртъщда протеолиздік ферменттердің көп жиналуы, Са2+ иондары мөлшерінің азаюы), ісік жасушаларьшьщ арасындағы теріс зарядтың күшеюі, жасушааралық жанасудың әлсіреуі және т.б. жатады. Көбінесе лимфогендік немесе гематогендік метастаздар дамиды. Кейде ісік жасушалары лимфа ағымына қарсы бағытта тарайды (ретроградтық метастаз). Мысалы, асқазан рагының ана-лық безге метастаз беруі (Круккенберг метастазы). Ісік жасушала­ры нерв талшықтарын бойлай (периневральдық метастаз), не ай-наладағы тіндерге жабыса (имплантациялық метастаз), не өзек бойын қуалай да таралуьі мүмкін. Мысалы, әйел аналық безі ра-гында ісік жасушалары негізгі түйіннен үзіліп түсіп іш пердесіне жабысып, жаңа түйіндер түзеді. Ал қылтамақ (өңеш рагы) асқаза-нға, ішекке, ас жолын қуалай өтуі мүмкін. Метастаздардың пайда болуы науқас өлімін тездететін фактор.


13-437



194 Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия

9-кесте Метастаздық каскад (тізбек)(V. Kumar et al. 1997 бойынша)

Ісік жасушаларының клоны-ның түзілуі і Метастаз беруі мүмкін ісік жасушаларының субклоны- ның пайда болуы і Ісік жасушаларының базал- дық мембранаға бекуі жөне одан өтуі і - Интравазия (қан тамырының ішіне енуі) I Лимфоциттермен өрекеттесуі і Эмболдың түзілуі I Эмболдың базалдық мембра-наға бекітілуі і Экстравазация (қан тамыры-нан сыртқа шығуы) I <-------- Метастаз
Біріншілік pil>§^f^ ІҒІ ісіктүйіні Щ^^ж5'ШЩ5|^^/^|

ш


8 бөлім. Ісіктер____________________ \________________________________ 195

Эпителидің қатерлі ісіктеріңе негізінен лимфогендік метастаз-дар төн. Саркомалар дамитын ағзаларда лимфа жүйесі өлсіз болғ-андықтан олар бірден гематогендік метастаздар береді. Қатерлі ісік организмде бірден зілді өзгерістер тудырып адамның азып кетуіне (кахексия), улануына алып келеді. Қатерлі ісікке байланысты да-мыған кахексияның белгілеріне денедегі май тіндерінің өте азай-ып немесе бүтіндей жойылып кетуі; қаңқа бүлшықеттерінің семіп қалуы; бауырда, жүректе қоңыр атрофияның дамуы, терінің қүрғақ және сүр түсті болуы жатады. Кахексияның негізгі себептеріне ісік жасушалары синтездейтін токсогормон ісік жасушалары және мак-рофагтар өндіретін ісік некрозы факторы (ІНФ) жөне интерлейкин болып есептеледі. Ісік некрозы факторы өсерінде белоктардың ьщырау өнімдері (аммиак, мочевина жөне т.б.) көбейеді. Олар ба-уырдың антиоксиданттық қызметтерін бүзып, қанда қанықпаған май қышқылдарының асқын тотықтары жиналады. Глюкокорти-коидтар өсерінен глюконеогенез қүбылысы күшейеді, бүлар да бе-локгар ыдырауының бір себебі бола алады. Токсогормондар ісіктің ьщырауы өнімдерінен пайда болады. Сонымен қатар ісік жасуша­лары өзінің өсіп өнуі үшін организмге керекті қоректік заттарды (мысалы, глюкоза, азот, майларда жөне т.б.) өзіне көп сіңдіреді ("субстраттъіқ түзақ" феномені). Қатерлі ісікке байланысты ин­токсикация нөтижесінде аурудың асқа төбеті шаппайды, сөйтіп, кахексия дамиды. Қатерлі ісік өсерінде кейде паранеоплазмалық синдромдар байқалады. Оның айқын көріністерінің біріне эндокриндік синдром кіреді. Ол екі түрлі себептен дамуы мүмкін: 1) эндокриндік бездер өндіретін гормондардың тікелей әсерінен бо-латын бүзылыстар, мысалы, андростерома ісігінде андрогендік гор-мондар көп бөлініп шығуына байланысты жыныстық жетілу өте ерте басталады; 2) кейбір эндокриндік бездерге қатынасы жоқ ағза-лар ісіктері, мысалы өкпенің нейроэндокриндік ісіктері, гормонға үқсас полипептидтер бөліп шығаруына байланысты дамитын эндокриндік синдром (АКТГ гормонына үқсас гормондар пайда болғанда дамитын Кушинг синдромыжөне т.б). Қазіргікезде па-ранеоплазмалық синдромға ісікпен ауырған адамдарда кездесетін гиперкальцемия, гиперкоагулопатия, тромбопатия және т.б. қүбы-лыстарды да кіргізеді.

Қатерлі ісік сылып тастағаннан кейін де қайта өсуі мүмкін (рецидив). Жалпы қатерлі ісік жасушаларының өсіп-өнуіне жағдай тудырылғанда, мысалы, экспериментте, олар шексіз өсу (иммор-тилизация) мүмкіндігіне ие болды.

Қатерлі ісіктердің даму кезендерін анықтау үшін Халықара-лық TNM жүйесін пайдаланады. Бүл жерде "Т" (tumor) біріншілік


Ж.Ахметов. Патологаялық анатомия

қатерлі ісікті, "N" (nodes) — аймақтық лимфа түйіңцеріндегі ісіктік өзгерістерді, "М" (metastases) — басқа ағзалардағы метастаздарды көрсетеді. Мысалы Т0 ісік бар, бірақ инвазиялық өсу жоқ, N0 — аймақтық лимфа түйіндерінде өзгеріс жоқ, М0 - метастаз жоқ де-ген түсініктерге сөйкес келеді. Ісіктің өрі қарай дамуына байланы-сты Т,, Т2, Т3, Т4; NPN2, N3, N4; М,, М2, М3, М4 деген белгілер пайда болады. Мысалы, Tj ісіктің шырышты қабықтың (қуысты ағзаларда) жөне оның астындағы қабықтың шекарасыңца болуын, Т2, Т3 — ісіктің бүлшықет қабатына өсіп кіруін білдіреді.

Эпителий қатерлі ісіктерінің гистологиялық жетілу деңгейіне байланысты оларды: жетілген, азырақ жетілген, жетілмеген деп үш топқа бөледі. Мысалы, жетілген аденокарциномада жасушалық ати-пизм анық көрінгенмен, ісік жасушалары кәдімгі безді қүрылым-дар түзеді. Азырақ жетілген аденокарцинома безді қүрылымдар өте аз, ал жетілмеген аденокарциномада оларды табу өте қиын, атипи-ялық өзгерістер басым, тек рактың басқа түрлерімен салыстыра отырьга қана жетілмеген аденокарцинома деп диагноз қоюға бо­лады.

Жоғарыда айтылған өзгерістер қатерсіз және қатерлі ісіктерді бір-бірінен ажырататын морфологиялық белгілерге, морфология-лық атипизмге жатады.

Ісіктерге бүдан басқа биохимиялық, гастохимиялык, антигендік атипизмдер де тән. Биохимиялық атипизмге ісік жасушаларындағы зат алмасу үрдісінің өзгерістері жатады. Ісік жасушаларында то-тықтану үрдісінен көрі гликолиз (яғни ашу, іру) басым, себебі олар өсіп-өну үшін оттегін көп қажет етпейді, сондықтан отгегімен қам-тамасыз ететін жүйенің көмегінсіз-ақ өсе береді.

Гистохимиялық атипизм жасушаларда өтіп жатқан биохимия-лык, өзгерістерді көрсетуші белгі болып, ісік жасушаларының жетілу бағыты мен дәрежесіне, қызметгік қабілетіне байланысты. Гисто-химиялық реакциялар қатерлі жөне қатерсіз ісіктерді бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді. Мысалы, сүт безінің қатерсіз ісігі — фиброаденоматозда сілтілі фосфатаза көп мөлшерде кездеседі, егер осы жерде рак пайда болса фермент өз белсенділігін түгелдей жоғал-тады. Демек, осы реакция арқылы фиброаденоматоздың қатерлі ісік — ракқа өткенін білуге болады. Сондай-ақ гистохимиялық ре­акциялар жәрдемімен қалқанша без ісіктерінің қай жасушадан дамыгандығын анықтауга болады. Мысалы, А-жасушалардан да-митын ісіктерде сукцинатдегидрогеназаның белсенділігі өте төмен, ал В-жасушалық ісіктерде оның белсенділігі керісінше, оте жоға-ры. С-жасушалардан өсуші солидты рак стромасында амилоидоз түзеледі.


 

8 болім. Ісіктер

Антигендік атипизм деп организмде қалыпты жағдайда кездеспейтін тек ісікке төн, не ісікке алып келуші вирустарга, кан-церогендерге төн, не эмбрион дөуірінде ғана кездесетін антигендердің қанда пайда болуын айтады. Мысалы, тек эмбрион дөуірінде пайда болатын а-фетопротеин белогының ауру адам қанында табылуы бауыр рагын, кейде еркек жыныс безі рагын уақытылы анықтауға көмектеседі (Г.И.Абелев, 1963-1978).

ЖергШкті тінді бузып өсетін ісіктер қатерлі ісіктер тобынажатқанмен, метастаз бермейді, сондықтан оларды сылып тастау мүмкін. Мысалы, терідегі базалиома ісігі осы ісіктер қатарына жатады.

ІСІКТЕРДІҢ МОРФОГЕНЕЗІ

Көпшілік ғалымдардың пікірі бойынша ісіктің пайда болуына ісікалды үрдістері себеп болады. Ісіктің ең бірінші белгісі жасуша-лардьщ тольщ дәрежеде жетіле алмай дисплазия ошақтарьш қалып-тастыруы. Бүл негізінен созылмалы қабыну, қайта қалпына келу (регенерация) аймақтарында байқалатын қүбылыс.

Ісік алаңы ілімі бойынша (Willis, 1953) ісік баржерде бірнеше аймақтарды көруге болады: ортада инвазивтік рак, оны айнала орнықты рак, онан соң дисплазия аймагы, кейін қалыпты тіндер жатады. Ісік морфогенезінің қазіргі жобасы осы ілім негізінде жа-салған. Уиллистің пікірі бойынша ісікалды үрдістерінің көпшілігі дисплазияға жатады. Дисплазия деп эпителий қабаттарыньщ ара-сында эр түрлі дәрежедегі атипиялық эпителий жасушаларының пайда болуын айтады. Дисплазия аймагында эпителидің бір ба-ғытта жайғасуы, қатарлылыгы, жалпы архитектоникасы бүзылған, жасушалардың ядросы ірі гиперхромды, митозд^р кез келген қаба-тында көрінеді. Демек, қатерлі ісік дисплазия ошақтарыньш, ма-лигнизациясы нәтижесінде пайда болады. Бірақ таісікалды үрдістері өрдайым ісікке айналуы шарт емес. Соган қарай ракалды үрдістердің облигаттьщ (яғни, ракқа міндетті түрде өтетін) және факультативтік (ракқа өту-отпеуі белгісіз) түрлерін ажыратады. Облигаттық ісікалды үрдістеріне: тоқ ішек полипозы, пигментгі ксеродерма және басқалар жатады. Факулътативтік ісікалды үрдістеріне организмдегі көптеген дистрофи5ілық, пролиферативтік және дисплазиялық өзгерістер жатады, олар тіндердің қайта қүрылуына соқтыратын, бірақ қайтымды үрдістер болып есептеледі. Әрбір ағзаның өзіне төн ракалды үрдістері бар. Асқазанда оларға: созылмалы жара, полипоз, атрофиялық немесе гипертрофияиіық гастрит; теріде —


198 ЖАхметов. Патологиялық анатомия


8 бөлім. Ісіктер



 


үзақ бітпейтін жаралар, жарықтар, гиперкератоздар; жатыр мой-нында — лейкоплакия, эн-доцервикоздар, эритроплакия жатады. Ракалды үрдістердің қатерлі ісікке өту кезеңінің үзақтығы (малиг-низация) толық анықталмаған, дегенмен облигаттық ракадды үрдістері шамамен 10—15 жылға созылатындығы белгілі. Демек, рактың профилактикасы дегеңде осы ракадды үрдістерін өз мезгілщде анықтауды жөне оларды емдеуді түсіну керек.

Ісік үрдісін зерттегенде "орнықты рак" (carcinoma in situ) де-ген терминңің мағынасьш да білудпарт. "Орнықты рак" деп мор-фологиясы бойынша толық ракқа жататын, бірақ та айналасын-дағы тіндерге бойлап кірмейтін, қатерлі ісікті түсінеді. Бүл үрдістің нағыз қатерлі ісіктен айырмашылығы, көп жылдар бойы рак үрдісі бір жерде, орнықты болып қала береді, тігпі өз-өзінен жойылып та кетуі мүмкін. Кейде ол ісік алаңында рактың даму сатысының бірі есебінде көрінеді, сондықтан "орнықты рак" деп диагноз қою үшін зерттелетін тіннен көптеген кесінді даярлап, инфильтративті рактың жоқтығына көз жеткізу керек.

Ісік алаңы ілім бойынша, ісік бір жерден ғана емес, бірнеше жерден, бір мезгілде өседі. Кейірінек осы ошақтардағы жасуша-лардың пролиферациясы жөне трансформациям нөтижесінде олар бір-біріне қосылып, ісік түйінін түзеді. Демек, ісік алаңы өзіне карағанда өлдеқайда кең (мысалы, сүт безі бүтіндей ісік алаңына жатады), сондықтан ісік рецидиві оның түгелдей сылынып тастал-магаңдыгында ғана емес, ісік алаңыңда жаңа ісіктің пайда болуы-на да байланысты.

Осы жерде ісік прогрессиясы іліміне де Фулдс (1969) де түсінік бере кету қажет. Фулдстың ойынша ракалды үрдістерінің ракқа өтуі ертелі-кеш болатын, тек қана уақытқа төуелді үрдіс емес, ол осы ісіктердің кенеттен жаңа қасиеттерге ие болуына байланысты. Бүл жаңа өзгерістерге: ісіктің тез өсе бастауы, гормонға төуелділіктің жойылуы, жасуша атипизінің пайда болуы, хромосомадағы өзгерістер, гликолиз үрдісінің тотықтану реакцияларынан басым болуы жөне т. б. жатады. Бүның бөрі ісікті түзуші жасушалар ішінде осы жаңа қасиеттерге ие болтан клондардың (бір аналық жасуша-дан дамыған жасушалар тобы) пайда болуымен түсіндіріледі. Ісіктің өсу кезеңінде жасушалар ішінен өсу жағдайына бейімделген, жаңа клондар сүрыпталады. Соның нөтижесінде ісік қүрамында бір-біріне төуелсіз, ісіктің өр түрлі қасиеттері үшін жауап беретін жа­сушалар тобы (клондар) түзеледі. Мысалы, морфологиясы бойын­ша қатерсіз ісік қүрамында метастаз беру қабілетіне ие жасушалар клоны пайда болса, бүл ісік метастаз бере бастайды. Осылайша ісік жасушаларының биологиясы, биохимиясы, морфологиясы


өзгеріп, қатерсіз ісік қатерлі ісікке айналады. Бірақ, бүл өзгерістер қатерлі ісік пайда болуымен аяқталып қалмай, жалғаса береді. Сондықтан қатерлі ісіктің қай багытта үдейтінен алдын ала бол-жау қиын.

ІСІКТЕРДЩ ЭТИОЛОГИЯСЫ

Ісіктердің пайда болу себептері өте көп, олар өлі де болса ақырына дейін зерттелмеген. Ракты тексеруші Халықаралық қоғам-ның анықтауы бойынша адам рагының 80-90 проценті қоршаған ортада таралған канцерогендік (рак тудырушы) заттардық өсеріне байланысты.

Химиялық канцерогенез. Жапон галымдары Ямагива жөне Ишикава (1915) үй қоянының қүлағына 15 ай бойы таскөмір қара майын жаға отырып, рактың пайда болатынын бірінші рет экспе­римент жүзінде дөлелдеген болатын. 1927 жылы осы зат қүрамын-дағы негізгі канцероген 3,4-бензпирен екеңдігі анықталады.

Эсер ету механизмдеріне қарап химиялық канцерогендерді екі топқа бөледі: 1) жасушалардың ДНҚ-ымен тікелей өсерлесетін толық канцерогендер, 2) организмдегі химиялық реакцияларға бай­ланысты пайда болган метаболиттер арқылы өсер ететін жанама канцерогендер, оларды проканцерогендер деп те атайды. Пайда болу көздері бойынша экзогендік жөне эндогендік канцерогеңдерді ажы-ратады. Экзогендік канцерогендер қоршаған ортадан түседі. Күңделікті өмірде олардың негізгі көзі болып автомобильдер, олар-дьщ шыгаратын газдары қүрамьщдағы көп оралымды көмірсутектер, олардың ішінде 3,4-бензпирен, диметилбензантрацен, метилхолан-трен. Ірі қалаларда (мысалы, Алматыда) сыртқы ортаны ластаушы заттардың ішінде олар 80% қүрайды.

Қазіргі таңда рак туындататын, канцерогендік заттардың саны мың жарымға жақындап қадды. Көптеген көсіптік (профессио-налдық) рактар да өр түрлі химиялық заттардың әсерінен дамиды. Мысалы, хош иісті аминдерге жататын анилин, бензидин, 2-на-фтиламинмен жүмыс істейтін адамдардың көпшілігінде 5 жылдан кейін қуық рагы пайда болады. Ренгенологтарда, басқа дәрігерлерге Караганда тері рагы 8 есе жиі кездеседі. Нитрозды қоспалардың көгапілігі канцероген екендігі анықталып отыр, олардың өрбір тобы белгілі бір ағза рагын тудырады. Этилнитроздық аминдер бүйректің, нерв жүйесінің рагына, диэтилнитроздық аминдер — бауыр рагына соқтырады. Канцерогенді нитрозды қоспалардың организмге та-мақпен түскен нитраттар мен аминдерден түзілу мүмкіндігі бар.



Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


8 болім. Ісіктер



 


Саңырауқұлақ уы микотоксиндер, соның ішінде, афлотоксин оргйнизмге түскенде бауыр рагы дамиды.

Кейбір металл булары (хром, қоргасын, никель) тыныс жол-дарына түскенде өкпе рагын, терімен жанасқанда (мысалы, мы­шьяк) тері рагын, асбест талшықтары өкпе рагы мен мезотелиома ісігін, мышьяк — тері, өкпе, бауыр карциномасын, бензол — мие-лолейкозды; бета-нафтиламин — қуық рагын; винилхлорид - бау-ырдың ангиосаркомасын; кадмий — қуықасты безінің және бүйректің рагын; хром мен уран - өкпе рагын туындатады.

Шеккен шылымның түтінінде, арақ-шарап қүрамында канцерогендік заттар бар. Шылым шегетін адамдар, шекпейтіндерге қарағанда өкпе рагына 10 есе жиі шалдығады. Сонымен қатар, ауыз қуысы, жүтқыншақ, көмей рактары да 3—9 есе көбейеді. Маскүнемдерде сау адамдарға қарағанда қылтамақ 17 есе, көмей рагы 10 есе көп кездеседі.

Эндогендік канцерогендерге холестерин, витамин Д, өт қышқ-ылдары, кейбір стероидтық гормондар, майлардың асқын тотық-тары, кейбір белоктар (триптофан), азот тотығы (NO) және т.б. жатады. Мысалы көптеген эндокриндік бездер ауруларында организмдегі гормондар тепе-тендігі бүзылады. Кейбір гормондар, мысалы эстрогендер нысана ағзаларға (эндометриге, сүт бездеріне, анабездерге) канцерогендік өсер етеді (гормонга байланысты кан­церогенез).

Канцерогенездің инициация, промоция жене прогрессия кезендерін ажыратады. Инициация кезеңінде химиялық заттар жа-суша геномына мутагендік өсер етіп, онда қайтымсыз өзгерістер тудырады. Нөтижесінде сау жасуша қатерлі ісік жасушасына айна-лады (трансформация). Трансформацияланганг (ісік жасушаларына айналган) жасушалардьщ өрі қарай өсіп-өнуі үшін инициация үрдісі жеткіліксіз, оған және бір қосымша күшейтуші заттар қажет. Осы заттарды промоторлар (күшейткіштер) деп атайды. Сонымен канцерогенездің, екінші, промоция кезеңінде коканцеронгендік эсер-лер нәтижесінде ісік жасушаларында қосымша гендік және хромо-сомдық мутациялар дамиды. Онкогендер белсенділігі және саны артады (амплификация), осу факторлары және олардың рецепторы көп мөлшерде өндіріледі, жасушалардьщ бөлініп-көбеюі күшейіп, алгашқы белгілі бір клиникалық морфологиялық белгі-қасиеттер-ге ие, ісік түйіні пайда болады.

Промоторлардың өздері мутагендік эсер етпейді, олар кокан-церогендер қатарына жатады (мысалы, коротон майы, форболдық эфирлер, гормондар). Тек толық канцерогендер гана әрі инициа-циялық, эрі промоторлық эсер ете алады, сондықтан олар қосым-


ша, күшейтуші, эсерлерге тэуелді емес. Тура канцерогендер қата-рына: урацилприт, пропионлактон, циклофосфамид, нитрозамин-дер және т.б. жатады.

Канцерогенездің үшінші, прогрессия кезеңінде қатерлі ісік жа-сушалары тез осе бастайды және де олардың арасында гормондық, нервтік жэне т.б. жасушалар өсуін реттеуші әсерлерге тәуелсіз, жаңа генотиптік және фенотиптік қасиеттерге ие болған жасуша топта-ры (клондар) пайда болады. Мысалы, ісіктің организмде тез тара-луы, метастаз беруші клондардың қасиеттерімен байланысты. Со­нымен қатерлі ісікке байланысты организмде дамыган әртүрлі асқы-нулар одан әрі күшейе береді (мысалы, ісіктік кахексия).

Сонымен химиялық канцерогендердің көпшілігі мутагендік қасиеттерге ие, олар жасушалық онкогендердің онкогенезді басып тастайтын (супрессорлық) гендердің (мысалы, Rb-гендердің) жөне апоптозды реттейтін гендердің мутациясын тудырады, ісік даму-ында, өсіресе ras-генінің мутациясы жиі кездеседі. Осы, гендік өзгерістерге үшыраған, жасушалар гана, пролиферация жэне про- v грессия нәтижесінде ісік жасушасына айналады.

Ана организміндегі химиялық заттар бала жолдасы арқылы өтіп өсіп келе жатқан үрыққа канцерогендік эсер ету мүмкін. Транс-плацентарлық карцерогенез 30-шы жылдары Америкада жүктілікті сақтау үшін кеңінен қолданылган диэтилстильбестрол гормоны олардан туылган қыздардың қынабында қатерлі ісіктің дамуына себеп болғандыгы анықталган. Жалпы 5 жасқа дейінгі балаларда кездесетін ісіктердің (нефробластома, гепатобластома, лейкоз, остеогендік саркома жэне т.б.) көбі осы жолмен туындайтынды-ғына көз жетіп келеді.

Эндокрин бездерінің көптеген ауруларында организмдегі гор­мондар тепе-тендігі бүзылып олар әсіресе стероидтар мен эстеро-гендер, нысана-агзаларга канцерогендік эсер етеді (гормонга бай­ланысты канцерогенез).

Вирустық канцерогенез. Америка галымы RRous (1911) өте майда сүзгіден өтуші заттардың (вирустардың) ісік шақыратынын бірінші болып көрсеткен болатын. Осы ашқан жаңалыгы үшін ол 1968 жылы Нобель сыйлыгын алды. Одан кейін көптеген вирус-тардың, әсіресе жануарлар үшін канцерогендік әсері бар екендігі анықталды.

Ол вирустарды онкогендік вирустар деп атайды. Адам онкопа-тологиясына тікелей қатысы бар вирустарга бір топ ДНҚ-вирус-тар жэне РНҚ-вирустар жатады. ДНҚ-вирустарга: 1) адам папил-ломасының вирусы; 2) Эпштейн-Барр вирусы; 3) В-гепатитінің вирусы; 4) цитомегаловирустар кіреді.



Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


8 бөлім. Ісіктер



 


Адам папилломасы вирусы (HPV) жыныс ағзаларында жөне ано-ректалды аймақтарда папиллома, жатыр мойныңда дисплазия, эпителиішілік карцинома немесе жалпақ жасушалы рак дамуына соқтырады.

Эпштейн-Барр вирустары (EBV) Африкада жиі дамитын Бер-китт лимфомасының, назофарингеалды рактың, бета-жасушалық лимфомалардың, лимфогранулематоздың кейбір түрлерінің себебі болуы мүмкін. Вирус өсерінде В-лимфоциттердің пролиферация-сы, мутациялық, кейіншелік ісіктік өзгерістері дамиды.

Гепатит В вирусы (EBV) бауырдың қатерлі ісігі — гепатоцел-люлярлы рактың — дамуына тікелей ықпал жасайды. Оның өсері гепатоциттердің регенерациясы бүзылуына, олардағы генетикалық өзгерістерге жөне мутацияларға байланысты. Кейбір гепатоциттерде хромосомдық өзгерістер, р53 генінің инактивациясы байқалады.

Цитомегаловирустар организмнің иммундық жүйесі бүзылғ-анда (ЖИТС, иммундық тагапылықтар, трансплантациядан кейін) Калоши саркомасының дамуына себеп бола алады.

РНҚ-вирустарының ішінде адамға патогенді HTLV-1 вирусы (Human T-leukemia virus). Ол адамның Т-жасушалы лейкозының қоздырушысы болып саналады. Бүл вирустар CD-4+ Т-жасушала-рға (хелперлерге) тікелей эсер етеді. Оларды ісік жасушаларына айналдырады. Малигнизация үрдісі tax-генімен байланысты деген мөліметтер бар (R.S. Cotran жене т.б., 1999). Сонымен қатар РНҚ-вирустар сүт безінің рагы, лимфомалар жөне т.б. ісіктердің себебі болуы мүмкін.

Кезінде ісіктің пайда болуы жөнінде вирустық-генетикалық ілім де жасалған еді (Л. А. Зильбер, 1968). Бірақ, көпке дейін осы ісік тудыратын вирустардың қалай өсер ететіндігі белгісіз больш келді. Қазіргі танда осы вирустар қүрамында ісік тудыратын гендер (он-когендер) бар екені анықталып отыр. Қалыпты жасушаның ісік жасушасына айналуы екі механизм арқылы жүреді. Біріншіден, кейбір вирус қүрамында қалыпты жасушаны тікелей ісік жасуша­сына айналдыратын вирустық онкогендер (v-oncs) бар. Саркома тудыратьш Раус вирустары осылайша эсер етеді. Екінші механизм вирустар мен жасушаның түқым қуалау агшараттарының бірлесуі нөтижесінде болтан өзгерістерге байланысты. Осы жағдайда жасу-ша протоонкогендері онкогендерге айналып, жасушаларда ісікке тән белгілер оянады. Кейінгі зерттеулерге қарағанда вирус онкогені жасушадағы белок алмасуын күрт өзгертіп, жасушаны онкобелок-тар өндіруге, бірте-бірте ісік жасушасына айналуға мәжбүр етеді. Айта кететін жайт, онкоген қалыпты жасуша қүрамыңца өрдайым бар зат, оны протоонкоген немесе жасуша онкогені (c-oncs) деп


атайды. Демек химиялық заттарда, осы протоонкогенге өз әсерін көрсетеді. Бүл жаңалық химиялық жөне вирустық канцерогенез теорияларының бір-біріне жақындығын ашық көрсетіп отыр.

Физикалық канцерогенез.Физикалық канцерогенез ультракүлгін сөулелердің, иондағыш сәулелердің және радиобелсенді заттардың өсерінде дамиды.

Улътракулгін сәулелердің өсері терісі ақ, меланин синтезі әлсіз адамдарда айқын корінеді. Мысалы, Австралияда терісі ақ адам-дар арасында меланома, терінің жалпақ жасушалы pari, базалиома ісігі жергілікті терісі қоңыр адамдарға қарағанда жиі кездеседі. Сондай-ақ, теріден ДНҚ репарациясы іштен туа бүзылган ауру-ларда, мысалы, пигменттік ксеродермада, ультракүлгін сәулелер канцерогендік өсер етеді.

Иондагыш сәулелерге: рентген сэулелері, а-, р-, ү-сэулелер, про-тондар мен нейтрондар жатады. Олар атомдық бомбалар жарылғ-анда, АЭС-лардың күйреуі нәтижесінде, радиобелсенді заттарды өндіргенде, радиобелсенді заттармен, рентген аппаратымен жүмыс » істегенде эсер етеді. Мысалы, 1945 жылғы атомдық шабуылды ба-стан кешірген Хиросима және Нагасаки түрғьшдарының арасын­да лейкоздардың басқа жапондықтарға қарағанда 11 есе жиі да-мығандығы мөлім. Семей аймағында 1949 жылдан бастап жүргізілген атомдық сынақтар нәтижесінде жергілікті түрғындар арасында қан жүйесінің ісіктері, қалқанша без pari басқа аймақта-рға қарағанада бірнеше есе көбейгендігі белгілі.

Басқа канцерогендер сияқты, физикалық канцерогендер әсерінде жасушылақ онкогендер мутациясы дамьш, оларда мутан-ттық ras жене р53 гендері пайда болады немесе радиация нэтижесінде жасушалардың басқа канцерогеңдерге сезімталдығы артады, хромосомалар транслокациясы байқалады.

Осы жоғарыда көрсетілген негізгі ықпалдардан басқа, ісіктің шығуына өр түрлі эмбрион дәуіріндегі тіндер дамуыньщ бүзылуы (дизэмбриоплазиялар) себеп болуы мүмкін. Бүл теория тек кейбір, жеке-дара ісіктердің (хордома, краниофарингиома және т. б.) шьнуын түсіндіре алады. Осы дизонтогенездік ілімнің авторы неміс ғалымы Конгейм (1878) болатын.

Сонымен қатар ісік дамуыньщ полиэтиологиялык, теориясы да бар. Бүл теория ісікті жоғарыда аталған ықпалдардың организмге косыла немесе бірінен соң екіншісі эсер етуі мүмкіндігінен туын-даған үрдіс деп есептейді.


 
 

204____________________________________ Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия

Ісіктердің пайда болуындағы иммундық жүйенің рөлі

Әдетте қатерлі ісік иммундық жүйесі әлсіреген адамдарда: қар-тгарда, иммунодепрессивтік препаратгар қабылдаған ауруларда көп кездеседі. Канцерогеңцік заттар да иммундық жүйе қызметін ба-сып тастайды. Бірақ рактың пайда болуы иммундық жүйенің өлсіздігінен бе, өлде бүл өзгерістер рак пайда болғаннан кейін ту-ындайды ма деген сауал өз шешімін өлі толық тапқан жоқ.

Көптеген ісік жасушаларьшың антигендік қүрамы қалыпты жасушаларға оте жақын, сондықтан ісік дамуының алғашқы кезеңінде организмде ісікке қарсы бағытталған күшті иммундық реакция байқалмайды. Тек антигендік ерекшелігі жақсы дамыған ісіктер (хорионэпителиома, нейробластома, гипернефрома) пайда болғанда ғана иммундық жүйенің белсенді қарсылығын көре ала-мыз. Ісікке қарсы күресте негізгі рөлді жасушалық иммунитет ат-қарады. Ісіктің өсу аймағының, айналасында Т-лимфоциттер шо-ғырлары көрінеді, олар қаншалықты көп болса, бүл ісіктің болжа-мы соншалықты оң болады. Иммундық жауап аймақтық лимфа түйіндерінде де айқын дамиды. Жоғарыда көрсетілген қатерлі ісіктердің кейде бүтіндей жойыльш кетуі иммундық жүйе қызметіне байланысты.

Ал иммундық жүйені әдейі басыгі тастағанда (басқа ағзаларды көшіріп отырғызу яғни трансплатация операциясына байланыс­ты) ісіктің пайда болу мүмкіншілігі 100 рет артады. Демек иммун-дық жүйенің қалыпты қызметі ісік дамуын тежеуші факторлардың бірі, мүмкін негізгісі болып есептеледі. Көп жағдайларда рактьщ пайда болуы жасқа байланысты. 60 жастан кейін ракпен ауыру мүмкіндігі 25 жасқа дейінгі адамдарға қарағанда 50 тіпті 100 есе артады. Бүл қүбылыс организмде жас өткен сайын канцерогендік заттардың жинальш қа-луымен, қоршаған ортаның ластануымен, ракалды үрдістерінің көбеюімен, иммундық жүйенің, өсіресе, ти­мус қызметінің әлсіреуімен түсіндіріледі.

ІСІК ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТГАРЫ

Сонымен қатерлі ісіктің дамуы көп сатылы күрделі қүбылыс (үрдіс). Белгілі онкоморфолог Л.М. Шабар (1968) ісік дамуының төрт кезеңін: 1) ошақты гиперплазия, 2) диффузды гиперплазия; қатерсіз ісік, 3) орнықты рак ("carcinoma in situ"), 4) қатерлі ісік кезендерін көрсеткен болатын. Қазіргі танда қатерлі ісік дамуын-да: 1) ісік алды кезеңі, кейін 2) орнықты рак ("carcinoma in situ"),


8 белім. Ісіктер

одан кейін 3) қатерлі ісіктің инвазиялық өсу кезеңі жөне 4) мета­стаз беру кезендері дамиды деп есептеледі.

Қатерлі ісік дамуындағы ең басты мөселе сау жасушаның ісік жасушасына айналу (трансформация) механизмдері. Қазіргі таңца ісіктік трансформация негізінде соматикалық жасушалар геномы-ның зақымдануы (мутациясы) жататьщцығы анықталды.

Моноклоналдық ілім жақтаушыларының пайымдауынша ө ле­генде бір ғана жасушаның гендік аппараты бүзылып, ол ісік жасу­шасына айналады. Сирек жағдайларда (көп орталықты бауыр кар-циномасы, тоқ ішек полипозы және т.б.) ісіктік трансформация бірнеше ошақтан бір мезгілде басталуы мүмкін (поликлоналдық ілім бойынша).

Осы соматикалық жасуша мутациясының негізінде не жатыр? Қалыпты жағдайда жасушаның бөлініп-көбеюін протоонкогендер, канцерсупрессорлық тендер (антионкогендер), апоптозды реттеуші тендер және ДНҚ репарациясының гендері бақылайды.

Протоонкогендер қалыпты жағдайда жасушалардың пролифе- « рациясы мен дифференциациясын реттейтін белоктар өндіреді, ДНҚ-га берілетін митогендік сигнадцы жеткізуге қатысады. Қазіргі кезде жасуша геномында 20-дан астам протоонкогендер бар екені белгілі. Осы протоонкогендердің өртүрлі әсерлер нәтижесінде за-қымдануы (мутациясы) жасушада белсенді онкогендердің пайда болуына әкеледі.

Онкогендер - қатерлі ісік тудырушы гендер. Олар алғаш рет ретровирустар қүрамьщца табылған, оларды вирустық онкогендер деп атайды. Вирустық онкогендердің аттары оларды қандай ісіктен боліп алғандығьша байланыстьі. Вирустық онкогендермен қатар жасушалық онкогендер де бар.

Онкогендер белсенділігі артқанда организмде көп мөлшерде онкобелоктар өндіріледі. Сонымен онкогендерді ядролық (с-тус, N-myc) және цитоплазмалық (c-erb, c-srs және т.б.) деген түрлерге боледі. Онкобелоктар организмде өсу факторларының, осу фак-торлары рецепторларының, ядрога сигнал жеткізуші белоктар (ras белок) қызметтерін атқара алады, бөліну жөніндегі сигналдар яд-рога үздіксіз беріліп, жасушалар саны өте артьт кетеді. Сонымен белоктар cay жасушаны ісік жасушасына айналдыратьш есерлердің негізгілерінің біріне айналады.

Канцеросупрессорлық гендер (антионкогендер-ісік дамуына қарсы гендер) пролиферация үрдісін тежейтін әртүрлі белоктар ондіреді. Сондықтан антионкогендер онімдері негізінен жасуша ядросьшда табылады (Rb, WT-1, р53). Rb (retinoblastoma) жасушалық циклдің Sl фазасынан S фазаға әрі қарай митозға өту үрдісін реттейді, р53


             
 
 
   
 
     
 
 
   
     
 
     
 
     

Ж.Ахметов. Патолопшлық анатомия

ДНҚ репликациясын, жасуша пролиферациясын жөне өлімін реттеуші ген екендігі белгілі. Ол ДНҚ-сы өзгерген жасушалар про­лиферациясын тоқтатады. Rb генінің делециясы немесе жоғалуы ретинобластома, сүт безінің, өкпенің аденокарциномасының, ос-теосаркоманың дамуына соқтырады. р53 генінің жоқтығы көпте-ген қатерлі ісіктерде байқалады. Сонымен ісік дамуының негізгі багыттарын былайша көрсетуге болады.

Апоптозды реттеуші гендер әртүрлі өсерлер нәтижесінде гендегі қүрылымдары өзгерген жасушаларды жойып отырады. Олардың қатарында өзгерген жасушаларды жоспарлы түрде жойып отыра-тьш гендер (мысалы, Ьах гені) немесе апоптозды басып тастаитьш гендер (мысалы, bcl-2 гені) болады. Апоптоз үрдісінің бүзылуы гендік қүрылымы өзгерген (мутацияға шаддыққан) жасушалардың көбейіп кетуіне соқтырады. Мысалы, қатерлі лимфомаларда bcl-2 генінің 18-хромосомасының 14-хромасомага ауысуы өте жиі кездеседі.

Кесте

Ісік дамуының негізгі бағыттары

Соматикалық жасушалардың геномдық мутациясы

Антионкогендердің белсенділігінің басылып қалуы
Апоптозды ретгеуші гендердің зақымдануы
ДНҚ репарациясы геңдерінің зақымдануы

Онкогендер

белсенділінің

артуы

Организмде өзгерген гендер өнімдерінің артуы, реттеуші гендер өнімінің жойылуы

Сау жасушаның ісік жасушасына айналуы (трансформация)

Ісік жасушаларының өрі қарай өсіп-өніп, ісік түйініне айналуы

(промоция)ісік жасушаларында жаңа фено- жөне генотиптік өзгерістердің

пайда болуы (прогрессиясы - үдемелі өзгерістері)

Ісіктік асқынулар. Өлім


8 белім. Ісіктер____________________________________________________________

ДНҚрепарациясының гендеріЩЩ репликациясының қателерінтүзеп отырады. Бүл гендер қызметінің бүзылуына байланысты мутация үрдісі өте артып кетеді. Мысалы, гшгменттік ксеродерма сырқатында ДНҚ мутациясының қалпына келмеуі бүл ауруларда тері карциномасының жиі кездесуінің бірден-бір себебі болады.

Сонымен онкогендер белсенділігінің артуы, канцерсупрессор-лық гендердің белсенділігінің басылып қалуы, апоптозды, ДНҚ-репарациясын реттеуші гендер қызметінің бүзылуы организмде өзгерген гендер өнімдерінің көбеюіне, реттеуші гендер өнімдерінің жойылуына, сөйтіп, сау жасушаның ісік жасушасына айналуына әкеледі.

ІСІКТЕРДЩ ЖІКТЕЛУІ

Ісіктің қазіргі кездегі халықаралық жіктелуі (классификация-сы) ісік гистогенезі негізінде қүрылған, яғни ісікті әр түрлі топ-тарға бөлгенде оның қайсы тіннен пайда болғандығы, қатерсіз не қатерлі екендігі есепке алынады. Организмнің кез келген ағзасы немесе тіні ісік көзі бола алады. Қазіргі уақытта барлық ісіктерді 7 топқа бөледі:

1. Арнайы даму орны жоқ эпителийлі ісіктер.

2. Сыртқы жөне ішкі секреция бездері мен жамылғы эпителий ісіктері.

3. Мезенхималық ісіктер.

4. Меланин түзуші тін ісіктері.

5. Нерв жүйесі мен ми қабықтарының ісіктері.

6. Қан жүйесінің ісіктері.

7. Тератомалар.

8.2. АРНАЙЫ ДАМУ ОРНЫ ЖОҚ ЭПИТЕЛИЙЛІК

ІСІКТЕР

Бүл ісіктер кез келген жалпақ не безді эпителийден дамиды. Олар қатерсіз және қатерлі болып екі топқа бөлінеді.

Қатерсіз ісіктер. Эпителийден пайда болатьш, арнайы даму орны жоқ, қатерсіз ісіктерге папиллома мен аденома жатады.

Папиллома (латынша papilla - бүртік) жалпақ және өтпелі эпи­телийден өсіп іпығатын ісік. Ол теріде, ауыз, мүрын қуысында, көмейде, бүйрек астауында, қуьгқта, сүт бездерінің өзектерінде, ми қарьшшаларының ішінде өседі. Папиллома колденеңі 1 санти-метрге дейін болған түйінше түрінде кейде сабақшаға ілінген по-



Ж.Ахметов. Патологиялык анатомия


бөлім. Ісіктер



 


лип тәрізді терінің не шырышты қабықтарының үстінде жайғаса-тын ісік, оның сырты бүртіктеніп тұрады. Микроскопта қарағанда осы бүртіктерді көп қабатты эпителий қаптап жатқаны эпителий қабатының қалындығы өр түрлі екендігі, оның беткей бөлігінде гиперкератоз, дискератоз күбылыстары көрінеді. Әр түрлі механи-калық әсерлердің нәтижесінде папилломада қабьшу, қанау үрдістері дамиды. Папилломаның организм үшін маңызы оның қай жерде жайгасқандығына байланысты. Мысалы, көмей папилломасы жас балаларда тыныс жолдарын басып қалып асфиксияға (түншығу) соқтырады. Ересек кісілерде өсетін көмей папилломасы мен қуық папилломасы қатерлі ісікке айналып кетуі мүмкін (малигнизация).

Аденома — безді ағзалар эпителиінен, олардың өзектерінен өсетін ісік. Ол айналасындағы тіндерден жақсы шекараланған, үлкендігі бірнеше миллиметрден, оңдағы сантиметрте жететін, жүмсақ ісік. Аденомалар өсіп шыққан жеріндегі тіндерге үқсас қүрылымдар түзеді. Оның түрлері: 1) беддеулі (трабекулалы) аденома ісік жасу-шаларының бір-біріне жақын жатқан таяқша терізді қүрылымдар түзуімен сипатталады; 2) түтікті (тубулярлы) аденомада эпителий жасушалары бір-бірімен бірігіп түтікшелер түзеді; 3) альвеолалы (немесе ацинарлы) аденома қуыстары біраз кең безді қүрылымдар-дан түрады; 4) бүртікті аденомалар кең қуыстарда эпителийдің бүртіктер түзіп өсіп кетуімен жөне бүл қуыстарда көп мөлшерде сүйықтық жиналып қалуымен сипатталады. Жасушалардьщ ядро-лары базалды бөлігінде жайғасқан, үзынша, гиперхромды боялған. Аденоманьщ бүл түрі көп ретте қатерлі ісікке айналып кетеді.

Егер аденома қүрамында эпителийден гөрі дәнекер тін өсуі басым болса, бүл ісікті фиброаденома деп атайды.

Қатерлі ісіктер. Эпителийден туыңцайтын қатерлі ісікті рак деп атайды. Рак адамдағы қатерлі і


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 694; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты