Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ық бұзушылық түрлері, құрамы




Құқық бұзушылық құқыққа қарсы бағытталған кінәлі және өзінің сипатымен қоғамға зиянды және қауіпті зардаптар туғызатын, арнайы жасқа толған субъектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі.Құқық бұз/қ негізінде төрт сипаттан қалыптасады:

• Әрекет н/е әрекетсіздік

• Құқыққа қарсылық

• Субъектінің арнайы жасқа толуы

• Кінә

Бұл төрт элементтің біреуі жоқ болса, жеке адам құқық бұзушылық жасаған болып саналмайды.

Құқық бұзушылық екі түрге бөлінеді:

1.теріс қылық-құқыққа қарсы бағ/н, қоғамға зиянды зардаптар туғызатын әрекет н/е әрекетсіздік. Теріс қылықтар қоғамға зиянын тигізеді, бірақ өте қауіпті болып табылмайды. Теріс қылықтар мынадай түрлерге бөлінеді:

• Тәртіптік теріс қылықтар: мекеме, кәсіпорын, басқа заңды тұлғалармен еңбек құқықтық қатынастарда тұрған суб/ң еңбек кодексінің н/е ішкі ереже талаптарын орындамауы. Тәртіптік теріс қылықтар жасаған суб/ке жұмыс орнының әкімшілігі тарапынан ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан босату сияқты шаралар қолданады.

• Азаматтық құқықтық теріс қылықтар: жеке және з.т. жасалған келісімшарт негізінен туындайтын, міндеттемемлерді орындамау және адам өмірі, денсаулығы және мүлкіне зиян келтіру барсындағы әрекеттердің жиынтығы.

• Әкімшілік құқықтық теріс қылықтар : кодекс б/ша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана,абайсызда) іс әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.

2. Қылмыс ҚР ҚК 9-бабында: жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет.

Қылмыс сипаты:

• Жеңіл

• Орташа ауырлықтағы

• Ауыр

• Аса ауыр

Құқық бұзушылықтың құрамы нақтылы құқық бұзушылықты және оның қоғамға зияндылығы мен қауіптілігін заңмен айқындаған арнайы нышандардың жиынтығы. Құқық бұзушылық төрт элементтен тұрады:

• Субъект

• Объект

• Об/к жақ

• Суб/к жақ

1) құқықбұзушылықтың объектісі – бұл осы құқықбұзушылықтың неге бағытталғанын көрсетеді. Объектінің түрлік және тектік түрлерін бөліп қарастырады. Тектік объект ретінде қоғамдық қатынастар орын алса, түрлік объектіге өмір, денсаулық, абырой, мүлік және т.б. жатады.

2) құқықбұзушылықтың объективтік жағы – бұл осы құқықбұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы, оларға мыналар жатады:

а) әрекет немесе әрекетсіздік;

ә) құқыққа қайшылық;

б) зиянды нәтиже;

в) әрекет (әрекетсіздік) пен зиянды салдың арасындағы себепті байланыс.

3) құқықбұзушылықтың субъектісі – бұл осы әрекетті немесе әрекетсіздікті жасаған құқықәрекетқабілетті жеке тұлға немесе әлеуметтік ұйым.

4) құқықбұзушылықтың субъективтік жағы – бұл тұлғаның өз әрекетіне және оның салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Субъективтік жаққа кінә, ниет және мақсат жатады. Бұл жерде басты санат болып кінә табылады. Кінә дегеніміз тұлғаның өзі жасаған құқыққа қайшы әрекетіне психологиялық қатынасы.

Кінәнің екі түрі болады: қасақаналық және абайсыздық. Қасақаналық тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қалайды. Жанама қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қаламаса да, олардың туындауына саналы түрде жол береді.

Абайсыздықтың да екі нысаны болады: менмендік және немқұрайдылық. Менмендікте тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті салдарын түсінеді, алайда жеткілікті негізсіз олардың алдын алуға тырысады. Немқұрайдылықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті салдарын болжай алмайды, алайда дұрыс зейін қойғанда оларды байқауы мүмкін әрі тиіс еді.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 288; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты